You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қостанай облысы халқының еңбек саласындағы мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Қостанай

Бүгін, ҚР Премьер-министрінің Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізді. Шараға облыс басшысы, аудандар мен қалалардың және ауылдық округтердің әкімдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жетекшілері, сондай-ақ, өзге де мүдделі ведомстволар өкілдері қатысты.

Министр жалпы ел бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндады.

Қостанай облысында, бағдарламаның алғашқы бағыты аясында (Бағдарлама қатысушылар техникалық-кәсіби оқумен және қысқа мерзімді кәсіби біліммен қамтамасыз ету), ағымдағы жылы 1000-нан астам адамды оқыту жоспарланып, оған 200,9 млн теңге қарастырылған. Биылғы сәуір айынан, өндірістен тәжірибелі оқытушыларды тарта отырып, коледждер мен жұмыс берушілердің оқу орталықтары ауқымында қысқа мерзімді курстарды жүзеге асыру басталған.

“Өңірлерден келіп түскен ұсыныстарды ескерген райда, Білім және ғылым министрлігімен бірлесе, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер тұрғысында кадрлар даярлауда 8 арнайы жоба мен оларға тиісті үлгідегі оқу жоспарларын жасап шықтық. Бүгіннің өзінде, өңірлерде, 16 мыңнан астам адам қамту көзделген. Қостанай облысында 1,8 мың адам оқуға ден қойды», - деп жеткізді министр.

Сонымен қатар, бес облыста (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында) шалғай ауылдық елдімекендерде тұрып жатқан адамдарға білім алуды ұйымдастыру үшін мобильді оқу орталықтарын қолдану жағы сыналып көрмек.

Облыс әкімдерімен бірлесе отырып, мемлекеттік жобалар, салалық бағдарламалар және өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында құрылатын 127 мың жаңа жұмыс орны (Қостанай облысында - 5,5 мың жұмыс орны), заңды тұлғалар жаңадан құратын 219 мың жұмыс орны (Қостанай облысында – 7,7 мың жұмыс орны) және азаматтардың зейнет жасына жетуі мен бала күтіміне байланысты демалысқа шығуы бойынша қосымша босайтын 288 мың жұмыс орны (Қостанай облысында – 10,9 мың) анықталған. Ағымдағы жылдың аяғына дейін жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтыған халық үшін қор болып саналатын 635 мың еңбекпен қамтылатын жұмыс орны пайда болмақ (Қостанай облысында – 24 мың жұмыс орны). Аталған іс-қимылдардың нәтижесінде министрлік пен әкімдіктер арасында сәйкес көрсеткіштерге қол жеткізуге қатысты меморандумдарға қол қойылған.

Екінші бағыт аясында (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту), Қостанай облысында 440 шағын несие беру жоспарлаған. Мұнда 186 шағын несиені қалада, 254 шағын несиені ауылдаберу жоспарланған (шағын несиелеуге 2 771,8 млн теңге қарастырылған). Кәсіпкерлік негіздеріне 1 125 адамды оқыту мақсат етілген (80,2 млн теңгеқарастырылған).

Осымен бірге, бизнес бастауға бел буған тұлғалар үшін, Бағдарлама аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Бастау-Бизнес» жобасы(«Атамекен» ҰКП) іске асырылуда. Жоба 9 өңірде бастау алып, бүгінде 2 мыңнан астам адам қамтылған (Қостанай облысында 361 адам).

Ағымдағы жылдың мамыр айынан ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрліктері жаңа бағдарлама қаражатынан шағын несиелеуді қолға алмақ. Алайда, бұл істі күтпей-ақ, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасынан қайтарылған қаражаттан 704 шағын несие беріп үлгерген. Бұл жерде Қостанай облысында 8 шағын несие иелеріне табысталған.

Бағдарламаның үшінші бағытында (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) Қостанай облысында 2,5 мың адамды қолдау болжануда. Оның ішінде - әлеуметтік жұмыс орындарына 621 адам субсидияланып, «жастар тәжірибесінен» 157 жас маман өткен және 1,7 мың адам қоғамдық жұмыстарға жіберілген.

Еске сала кетсек, азаматтардың еңбекке жұмылуын арттыру мақсатында, Бағдарламада, ерікті қоныс аудару кезінде мемлекеттік қолдау шаралары ретінде көші-қонға субсидия – әр отбасы мүшесіне бірреттік 35 АЕК (79 415 теңгеден) және баспананы жалға алу мен 12 ай бойы ай сайын коммуналдық қызметтерді төлеуге 15-30 АЕК (34-68,1 мың теңге аралығы) қарастырылған.

ҚР Үкіметі қоныс аударушыларды қабылдайтын 7 өңірді және көш шығатын 4 өңірді белгілегені мәлім. 2017 жылы 2,7 мың азаматтың қоныс аударуына квота тағайындалған.

Бұған дейін хабарланғандай, биылғы 3-5 сәуір ауқымында Оңтүстік Қазақстан облысындакөшті қабылдайтын өңірлердегі жұмыс берушілердің қатысуымен бос жұмыс орындарының өңіраралық жәрмеңкесі өтті. Шара қорытындысында өңіраралық ынтымақтастық жайлы меморандумдарға қол қойылды (СҚО, ШҚО, Қостанай, Павлодар облыстары).Алдын ала дерек бойынша, 672 отбасы (2019 адам)жәрмеңке барысында ұсынылған бос жұмыс орындарына орналаса отырып, солтүстік және орталық аймақтарға ерікті түрде қоныс аударуға ниет білдірді. Тиісті шаралар Жамбыл және Алматы облыстарында өтпек.

Жалпы, Бағдарлама бастау алған сәттен бастап (2017 жылдың 1 қаңтарынан) мемлекет қолдауына 114,3 мың қазақстандық ие болды.

15 мамыр, 2017 - 16:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші