You are here

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1198 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 89-90, 635-құжат) мынадай  өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) уәкілетті мемлекеттік органдар – мемлекеттік жоспарлау, еңбек, инвестициялар және даму саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;»;

5-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, 5-3-тармақтарымен толықтырылсын:

«5-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шетелдік жұмыскерлер лауазымдарын және оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға келісуге жолдайды.

5-2. Уәкілетті мемлекеттік органдар он жұмыс күні ішінде  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ұсынған лауазымды келіседі немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсеткіштерге сай келмесе келісуден бас тартады.

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары келісу нәтижелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға уәкілетті мемлекеттік органдардың келісуін қоса бере отырып шетел жұмыскерлердің лауазымдарын белгілеу туралы ұсыныс енгізеді.

5-3. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган шетел жұмыскерлердің лауазымдарын белгілеу туралы ұсынсты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде белгіленген тәртіппен жинақтап қалыптастырады, кейіннен оларды уәкілетті комиссияның қарауына жолдайды.

Уәкілетті комиссияның оң шешімін алған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бес жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыскерлер лауазымдарын және шетелдік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) ұсынылған құжаттарды шетелдік жұмыскердің тиісті лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексереді және олар сәйкес келген жағдайда Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде арнайы тексеру өткізуге қажетті материалдарды жинап, Қазақстан Республикасының ұлтты қауіпсіздік органдарына жібереді.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәртіппен тиісті өкілеттіктер жүктелген лауазымды адамы, ал жауапты хатшы немесе көрсетілген лауазымды адам болмаған жағдайда – мемлекеттік органның басшысы тізбеге сәйкес шетелдік жұмыскерді лауазымға тағайындайды және шетелдік жұмыскермен бір жылдан аспайтын мерзімге, оның алдына қойылған міндеттерді қамтитын еңбек шартын жасасады.

мынадай мазмұндағы 15, 16 және 17 тармақтарымен толықтырылсын:

15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шетелдік жұмыскермен жасалған еңбек шартының мерзімі өткенге дейін екі айдан кешіктірмей уәкілетті мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлер қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты жібереді.

Еңбек шарты бір жылдан аз мерзімге жасалған жағдайда шетелдік жұмыскерлер қызметінің нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдарға  шетелдік жұмыскермен жасалған еңбек шарты аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі.

16. Уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген шетелдік жұмыскер қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарап, нәтижесі бойынша шетелдік жұмыскерлер қызметі туралы қорытындыны осы Қағидалардың 2-қосымшасында қаралған көрсеткіштерге сәйкес береді және оны мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

17. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлер қызметі туралы қорытындыларын жинақтайды және соңғы қорытындыны бес жұмыс күні ішінде уәкілетті комиссияның қарауына жібереді.

шетелдік жұмыскерлер қызметінің нәтижесі туралы ақпарат және уәкілетті комиссияның оң шешімінің қорытындысы бойынша еңбек шарты бір жылдан артық емес мерзімге ұзартылуы мүмкін.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                     Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017 жылғы «   »         

№            қаулысына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларына

1-қосымша

                                  Нысан  

 

Лауазымдар мен шетелдік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптар

_________________________________________

(Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының атауы)

 

Р/с №

Лауазымның атауы

Біліктілік  талаптар*

Негіздеме

1

 

 

 

 

 

___________________________                            

(Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының басшысы)

 

 

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_____________________­

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017 жылғы «   »         

№            қаулысына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларына

2-қосымша

 

                                  Нысан  

 

Шетелдік жұмыскерлердің лауазымдарын келісу

 

Р/с №

Лауазымның атауы және біліктілік  талаптары

Көрсеткіштер

Сәйкес келеді/сәйкес келмейді

 

Негіздеме

1

 

 

 

елдің немесе жекелеген өңірлердің даму бағытының өзектілігі мен басымдығы

 

 

елде қажетті салалар және қызмет салалары бойынша тиісті кадрлардың болмауы не бар кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіздігі

 

 

алдыңғы қатарлы әлемдік технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету не заманауи арнайы білім беру

 

 

мемлекеттік аппараттың еңбекті ұйымдастыру тиімділігін және мәдениетін арттыру

 

 

шаруашылық қызметтегі нақты саланың немесе жекелеген өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

 

 

шетелдік жұмыскерлерге еңбекақы төлеуге жұмсалған қаражатты қайтару анықтығы мен болжамдылығы.

 

 

___________________________                            

(Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының басшысы)

 

                ____________________________________

Бөлімдер:
12 мамыр, 2017 - 10:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші