You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы қалыптасты

қоғамдық кеңес

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ведомство басшысы Тамара Дүйсенованың төрағалығымен  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамының отырысы өтіп, оның қорытындысында 12 адамнан тұратын жаңа құрамы бекітілді.

Қоғамдық кеңеске министрліктен: 

- ҚР ЕХӘҚМ жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева;

- ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарабасов;

- ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры  Майраш Көзжанова;

- ҚР ЕХӘҚМ Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары Светлана Омарова енді.

Конкурстық іріктеу мен жұмыс тобының дауыс беруі нәтижесінде, Қоғамдық кеңес құрамына азаматтық қоғам тарапынан:

- «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Майра Амантаева;  

- Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнәр Жұмагелдиева;  

- «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Николай Радостовец; 

- «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Василий Шиманский қабылданды.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес құрамына өз үміткерлігін ұсынған келесі 4 адам кірді: Серікқали Бисақаев, Аслан Қаржаубаев, Артем Корчагин және Ильзат Сафаргалиев.

21 сәуір, 2017 - 19:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші