You are here

Маңғыстау облысында 2017 жылы жұмысқа қамтудың белсенді шараларымен 5,6 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда

министр

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Маңғыстау облысында, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 5,6 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы аталған бағдарламаны жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде облыс әкімдігінде өткен семинар-кеңесте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.

       Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, қалалар мен аудандар және ауылдық округтер әкімдері, «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар өкілдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары басшылары, тағы да басқа тараптар қатысты.

       ҚР ЕХӘҚМ басшысы, өз сөзінің басында, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде сұранысқа ие кәсіптерге және кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту және дағдыларды үйрету, несиелендіру арқылы жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мен еңбекке жұмылдыруды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту көзделетін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (әрі қарай – бағдарлама) жүзеге асыру қолға алынғанын еске салды.  

       Бағдарламаның алғашқы бағыты аясында 2,5 жыл оқу мерзімімен колледждер ауқымында тегін кәсіби-техникалық білім беру ұйымдастырылып, бұл жерде бәрінен бұрын, мектепті аяқтаған соң оқу орнына түспеген жастар назарға алынбақ. Биыл техникалық және кәсіби оқуға 21 мыңнан астам жас қазақстандық ілігеді деп күтілуде.        

       «Мемлекет, оқуға кететін шығындарды толық жауып, шәкіртақы төлейтін болады. Жол мен тұру қаражаты да өтеліп, техникалық және кәсіби білім беру нысандарында оқитындарға бір реттік ыстық ас беріледі», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

       Сонымен қатар, колледждер, «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары және кәсіпорындардың оқу орталықтары аясында кәсіби оқытуға арналған қысқа мерзімді курстар өткізілмек (1-ден 6 айға дейін).

       Алыс ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға сабақтардың қолжетімді болуы үшін, мобильді оқу орталықтары ұйымдастырылмақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында арнайы дәрісханалары бар жылжымалы кешендер түрінде; шалғай ауылдық жерлердегі аз сыйымдылықтағы мектептер ауқымында; жұмыс берушілер мүмкіндігін пайдалана отырып.

«Назар аударарлық жайт, егер бұрын тек жұмыс берушілердің өтінімдері арқылы оқытып келсек, енді тәжірибесі мол өз ісінің шеберлерін оқу үдерісіне тарта отырып, сұранысқа ие кәсіптерге оқытатын боламыз. Үлес салмағы келесідей түзіледі: оқу уақытының 30%-ы теория, 70% - тәжірибелік сабақтар», - деді ҚР ЕХӘҚМ басшысы. 

       Тамара Дүйсенова, Бағдарлама қатысушыларына несие, қалалық жерлерде «Даму» қоры арқылы, ауылда және шағын қалаларды Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық несие корпорациясы арқылы берілетінін хабарлады. Несие сомасы 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін өскен (18 млн теңгеге дейін) және мерзімі 5 жылға дейін (мал маруашылығы мен ауылшаруашылық кооперативтеріне – 7 жылға дейін). Жылдық мөлшерлемесі – 6% шамасында. Осымен бірге, несие беру кезінде Аграрлық несиелік корпорациясы арқылы несиелерді кепілдендіру тетігі енгізілген: бастауыш кәсіпкерлерге 85% және кәсібі қызмет етіп тұрған бизнес иелеріне 50% маңайында.

       Бағдарламаның үшінші бағытында жекелеген азаматтар санатын жұмысқа орналастыруда нақты қолдауды күшейту, еңбек ресурстарын жұмылдыруды көтеру және еңбек нарығының инфрақұрылымын дамыту мақсат тұтылуда.    

       «Біз, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар тәрізді жастар мен әйелдер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында сұранысқа ие құралдарды қолдануды жалғастыратын боламыз. Еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру мақсатында, ҚР Үкіметі анықтаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын азаматтарды мемлекеттік қолдау межеленуде. Анығырақ тоқталсақ, оларға, жол мен жүк тасу шығындарын өтеуге арналған және бастапқы бейімдеу қаражаты беріледі. Биыл 2,7 мың азаматтың қоныс аударуына субсидия төлеу жоспарлануда», - деп ақпараттандырды министр.

        Осы жылы бағдарламаны жүзеге асыруға арналған бюджет қаржысы 85,3 млрд теңгені құраса, оның ішінде 2,2 млрд теңге Маңғыстау облысына бөлінген.

        «Өңірде бағдарламаны жүзеге асыру аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 5,6 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр», - деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.

17 наурыз, 2017 - 12:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші