You are here

Т. Дүйсенова: «Е-Халық» ақпараттық жүйесі қазақстандықтарға ауылдық әкімдіктерде жұмыссыз ретінде есепке тұруға мүмкіндік береді

министр

Бұл туралы, бүгін, Атырау қаласының жұмыспен қамту орталығында өткен «Ауылдық округ әкімінің автоматтандырылған жұмыс орны» (әрі қарай – «АРМ АСО») бағдарламасын таныстыру барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.

       ҚР ЕХӘҚМ басшысы «АРМ АСО» жобасы қанатқақты тәртіпте 2015 жылдың мамыр айында Ақмола облысында, 2016 жылдың қазан айында Ақтөбе облысында іске қосылғанын еске салды. Аталған ақпараттық жүйе ауылдық округ деңгейінде жұмыссыз, өзін жұмыспен қамтыған, аз қамтылған жандар және жалдамалы жұмыскерлер есебін жүйелендіруге; еңбек ресурстарының қорын шоғырландыруға; халықтың нысаналы топтары бойынша жұмыспен қамтудың нақты шараларын айқындауға; ішкі еңбек көшін анықтауға; өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтар қатарын реттеуге; әр отбасындағы жеке қосалқы шаруашылықтар жайлы деректерді дұрыстауға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, бұл ақпараттық жүйелерді қолданысқа енгізу арқылы, азаматтар ауылдық әкімдікте жұмыссыз ретінде тіркеліп, қандай мемлекеттік қолдау түрлеріне ие бола алатындарын жан-жақты біле алады.

        Бүгінгі таңда, «АРМ АСО» жобасы, Ақмола облысындағы Аршалы ауданының 13 ауылдық округінде (25 мың 382 адам қамтылған) және Қорғалжын ауданының 8 ауылдық округінде (7 мың 585 адам қамтылған) қолданысқа енгізілген. Ақтөбе облысында, тиісті бағдарлама, 12 ауданда кәдеге жарауда (150 ауылдық округте 402 мың 139 адам қамтылған). 

        Табысты сынақ кезеңдерінен соң, «АРМ АСО» жобасы аясында ауылдық округтерден тыс, қалаларды да қамтуға жол ашатын неғұрлым ауқымды «е-Халық» ақпараттық жүйесі жасалды. 

         «Е-Халық» жүйесін, бірінші кезекте, еңбекпен қамту мәселелерін шешу үшін енгізіп отырмыз. Онда жұмысы бар, әлеуметтік төлемдер алатын, жұмыссыз немесе өзін жұмыспен қамтыған тұлғалардың барлығы бойынша мағлұмат болады. Екіншіден, бұл жүйе, ауылда тұратын қазақстандықтарға жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ, тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыссыз ретінде әкімдікте тіркелуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сол жерде қандай мемлекеттік қолдау түрлеріне иек артуға болатыны жайлы толық ақпарат ұсынылады», - деді Тамара Дүйсенова.    

         «Е-Халық» ақпараттық жүйесі елдімекендегі нақты халық санын анықтауды; ішкі және сыртқы көші-қон мониторингін жүргізуді; әлеуметтік әлсіз санатқа жататын және жұмыссыз, өзін жұмыспен қамтыған азаматтар есебін жасауды; барлық мемлекеттік ақпараттық жүйелер мәліметін жандандыруды; тұрғындар табысын жаппай қағазға түсіруді қамтамасыз етеді. 

        Осылайша, «е-Халық» ақпараттық жүйесінде сақталатын статистикалық және талдамалық деректерқаржыны өңірлерді дамытуға және мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлауға мақсатты әрі дәл бөлуге арқау болмақ.

16 наурыз, 2017 - 18:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші