You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекет кепілдік берген заң көмегінің көрсетудің тәртібі мен түрлері

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекет кепілдік берген заң көмегінің көрсетудің тәртібі мен түрлері

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Занының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, көші-қон, жұмыспен қамту, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі:
      1) құқықтық ақпарат беру;
      2) құқықтық консультация беру түрінде көрсетіледі.

Жеке және заңды тұлғалар тегін негізде мемлекет кепілдік берген заң көмегін ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңға сәйкес ақпарат алуға құқығы бар.

 

 

Бөлімдер:
1 наурыз, 2017 - 16:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру