You are here

Салааралық еңбек нормаларын бекіту туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабының 7-тармағына сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 280 бұйрығымен төмендегі салааралық нормативтері бекітілді:

  1. әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлер санының салааралық үлгі нормативтері;
  2. персоналды басқару қызметі қызметкерлерінің салааралық уақыт нормативтері.

Көрсетілген еңбек нормалары бұрын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарымен әзірленіп бекітілген:

  1. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 401-п – «Әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлер санының салааралық үлгі нормативтерін бекіту туралы»;
  2. 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 604-ө – «Персоналды басқару қызметі қызметкерлерінің салааралық уақыт нормативтерін бекіту туралы».

Еңбек нормалары барлық меншік нысандағы ұйымдармен қолдану үшін арналған.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрлігінің

Еңбек және әлеуметтік

әріптестік департаменті

23 қаңтар, 2017 - 17:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші