You are here

«Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» ҚР ДСӘД министрінің 2015жылғы 27наурыздағы №167бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» ҚР ДСӘД министрі бұйрықтың жобасы

«Жұмыс берушінің жұмысқа

орналастыратын елдің банктеріне

кепілдік берілген жарна енгізу

қағидаларын және оның мөлшерін

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 167 бұйрығының күші жойылды

деп тану туралы

 

2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Құқықтық актілер туралы заңының 27-бабы және 50-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 167 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген                 іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                                 Т. Дүйсенова

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрі

__________________ Қ. Қасымов

2017 жылғы «__»______________

Бөлімдер:
17 наурыз, 2017 - 19:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші