You are here

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ-інің м.а. 2016 жылғы 27.06. № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына  (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазандағы № 191 (28317) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 40-тармағы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында:

2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын  жергілікті атқарушы     орган – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындауға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган);

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon proekt_gos.doc120 KB
Бөлімдер:
11 желтоқсан, 2016 - 20:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші