You are here

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1198 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЖОБА

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1198 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 89-90, 635-құжат) мынадай  өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларында:

1-тарауда тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) уәкілетті мемлекеттік органдар – лауазымдар тізбесін және шетелдік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын келісу, шетелдік жұмыскерлер қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты қарау және  шетелдік жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу құзыретіне кіретін мемлекеттік жоспарлау, еңбек, инвестициялар және даму саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;»;

5-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:

«1-1-тарау. Шетелдік жұмыскерлер лауазымдарының тізбесін әзірлеу және бекіту, шетелдік жұмыскерлер лауазымдарының бекітілген тізбесіне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

5-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шетелдік жұмыскерлер лауазымдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) және оларға қойылатын біліктілік талаптарын осы Қағидалардың 5-2-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес әзірлейді және осы Қағидаларға                   1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға келісуге жолдайды.

5-2. Тізбе мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

1) елдің немесе жекелеген өңірлердің даму бағытының өзектілігі мен басымдығы;

2) елде қажетті салалар және қызмет салалары бойынша тиісті кадрлардың болмауы не бар кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіздігі;

3) алдыңғы қатарлы әлемдік технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету не заманауи арнайы білім беру;

4) мемлекеттік аппараттың еңбекті ұйымдастыру тиімділігін және мәдениетін арттыру;

5) шаруашылық қызметтегі нақты саланың немесе жекелеген өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

6) шетелдік жұмыскерлерге еңбекақы төлеуге жұмсалған қаражатты қайтару анықтығы мен болжамдылығы.

Шетелдік жұмыскерлер лауазымдарының тізбесіне қойылатын біліктілік талаптары нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы бiлiктілікке және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарды нақтылайды.

5-3. Уәкілетті мемлекеттік органдар он жұмыс күні ішінде  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ұсынған Тізбені қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіседі.

Тізбе осы Қағидалардың 5-2-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар  келісуден бас тартады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ақпарат жібереді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ескертулерді жойған жағдайда Тізбені қайта қарау Тізбені қайта жолдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Тізбені келісу оң болған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына осы Қағидаларға  2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары келісу нәтижелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға уәкілетті мемлекеттік органдардың келісуін қоса бере отырып Тізбені енгізеді.

5-4. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген Тізбені алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тізбелерді жинақтайды және қалыптастырады, оны кейіннен уәкілетті комиссияның қарауына жолдайды

Уәкілетті комиссияның оң шешімін алған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бес жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыскерлер лауазымдарының тізбесін және шетелдік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді.

5-5. Уәкілетті комиссияның ағымдағы жылы шетелдік жұмыскерлер лауазымдарының тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  шешімі болған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары оны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың                              5-1-тармағында көзделген тәртіппен тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.»;

2-тарауда:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Шетелдік жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, еңбек шартын жасау және бұзу тәртібі»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Уәкілетті комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының атынан орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәртіппен тиісті өкілеттіктер жүктелген лауазымды адамы, ал жауапты хатшы немесе көрсетілген лауазымды адам болмаған жағдайда – мемлекеттік органның басшысы тізбеге сәйкес шетелдік жұмыскерді лауазымға тағайындайды және шетелдік жұмыскермен бір жылдан аспайтын мерзімге еңбек шартын жасайды.

Шетелдік жұмыскер қызметінің тиімділігін бағалаудың оң нәтижесі және уәкілетті комиссияның тиісті шешімі  болған жағдайда  еңбек шарты бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Еңбекақының мөлшері еңбек шартында айқындалады. Шетелдік жұмыскерлерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстарды жоспарлау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес  жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

«2-1 Тарау. Шетелдік жұмыскерлер қызметінің нәтижелері және олардың белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі туралы ақпаратты жіберу тәртібі

15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шетелдік жұмыскермен жасалған еңбек шартының мерзімі өткенге дейін екі айдан кешіктірмей уәкілетті мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлер қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты жолдайды.

Еңбек шарты бір жылдан аз мерзімге жасалған жағдайда шетелдік жұмыскерлер қызметінің нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдарға  шетелдік жұмыскермен жасалған еңбек шарты аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі.

16. Уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген шетелдік жұмыскер қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шетелдік жұмыскерлер қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді және қорытындысын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.

Шетелдік жұмыскерлер қызметінің тиімділігін бағалау мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.

17. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шетелдік жұмыскерлер қызметінің тиімділігі туралы қорытындыларын жинақтайды және жалпы қорытындыны бес жұмыс күні ішінде уәкілетті комиссияның қарауына жолдайды.».

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

    Қазақстан Республикасының

            Премьер-Министрі                                                   Б. Сағынтаев

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы «   »         

№            қаулысына

1-қосымша

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларына

1-қосымша

                                  Нысан  

 

Лауазымдар мен шетелдік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарының тізбесі

_________________________________________

(Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының атауы)

Лауазымның атауы

Біліктілік  талаптары

Негіздеме

 

 

 

 

 

 

___________________________                             

(Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының басшысы)

 


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы «   »         

№            қаулысына

2-қосымша

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларына

2-қосымша

                                  Нысан  

 

Лауазымдар мен шетелдік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары тізбесінің сәйкестігін келісу

Лауазымның атауы және біліктілік  талаптары

Өлшемшарттар

Сәйкес келеді/сәйкес келмейді

 

Негіздеме

1

 

 

елдің немесе жекелеген өңірлердің даму бағытының өзектілігі мен басымдығы

 

 

елде қажетті салалар және қызмет салалары бойынша тиісті кадрлардың болмауы не бар кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіздігі

 

 

алдыңғы қатарлы әлемдік технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету не заманауи арнайы білім беру

 

 

мемлекеттік аппараттың еңбекті ұйымдастыру тиімділігін және мәдениетін арттыру

 

 

шаруашылық қызметтегі нақты саланың немесе жекелеген өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

 

 

шетелдік жұмыскерлерге еңбекақы төлеуге жұмсалған қаражатты қайтару анықтығы мен болжамдылығы.

 

 

___________________________                            

(Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының басшысы)

5 желтоқсан, 2016 - 10:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші