You are here

Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасын бекіту туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) 566 отбасыдан тұратын оралмандарды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасы;

2) 288 отбасыдан тұратын қоныс аударушыларды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2017 жылғы 1 тамызға және 2018 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп ұсынсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Қазақстан Республикасының

               Премьер-Министрі                                                                                 Б. Сағынтаев

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon pz_kaz_1.doc153 KB
Бөлімдер:
17 қараша, 2016 - 15:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші