You are here

Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2017-2019 жылдарға арналған өңірлік квотасын бекіту туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) 1842отбасыдан тұратын оралмандарды қабылдаудың 2017-2019 жылдарға арналған өңірлік квотасы;
2) 925 отбасыдан тұратын қоныс аударушыларды қабылдаудың 2017-2019 жылдарға арналған өңірлік квотасы белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әрбір күнтізбелік есептік жылдың 1 тамызына және 1 ақпанына қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп ұсынсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

ТіркемеМөлшер
Package icon Келісу парағы 11.05 KB
Package icon Түсіндірме жазба12.31 KB
Бөлімдер:
8 қараша, 2016 - 11:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші