check

You are here

2016 жылғы 3 тоқсанда "Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы" идеясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

1,2,3-т. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық, өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарын өткізуді ұйымдастыру

Еңбек саласының басқа да маңызды сұрақтарымен қатар (жалақы жөніндегі берешекті өтеу, еңбек жан-жалдарын алдын алу және реттеу) еңбек заңнамасы саласында күрделі мәселелерді жұмыскерлер мен жұмыс берушілермен бірге талқылау жөнінде сұхбат алаңын құру мәселелері үшжақты комиссияның әртүрлі деңгейінде үнемі қаралады.

Бұл ретте республикалық, салалық, өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиялардың отрыстары әр тоқсан сайын өткізіледі.

Мысалға, 2016 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша:

республикалық деңгейде – әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссияның отырысы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары                           Д. Назарбаеваның төралығымен 2 рет өтті (2016 жылғы 16 наурызда және 4 шілдеде).

Анықтама үшін: 2016 жылғы 3 тоқсандағы республикалық үшжақты комиссияның отырысын  а.ж. 19 қыркүйегінде өткізу жоспарланған болатын, алайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшыларының, оның ішінде республикалық үшжақты комиссияның төрағасы болып келетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының ауысуына байланысты өзгертілді.

салалық деңгейде – орталық мемлекеттік органдармен әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi салалық үшжақты комиссиялардың 27 отырысы өткізілді: Энергетика министрлігі – 9; Инвестициялар және даму министрлігі – 7; Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі – 3; Мәдениет және спорт министрлігі – 3; Қорғаныс министрлігі – 2;. Білім және ғылым министрлігі – 1; Ұлттық экономика министрлігі – 1; Ауыл шаруашылық министрлігі – 1.

Салалық комиссиялардың аталған отырыстарында келесідей сұрақтар: салалық біліктілік шеңберлерін бекіту, салалық келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, еңбекақы төлеу, салалық комиссиялардың құрамын қайта қарау, ұжымдық еңбек дауларын алдын алу шешу жөнінде, сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде кеңестерді бекіту туралы және т.б. қарастырылды.

өңірлік деңгейде – мүдделі мемлекеттік органдардың және әлеуметтік әріптестердің қатысуымен жергілікті атқарушы органдармен әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi үшжақты комиссиялардың 42 отырысы өткізілді (бұдан әрі – өңірлік комиссия), оның ішінде Ақмола облысы – 2, Алматы облысы – 1, Ақтөбе облысы – 6, Атырау облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 4, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 2, Қызылорда облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 4, Павлодар облысы – 3, Солтүстік Қазақстан облысы – 2, Оңтүстік Қазақстан облысы – 5, Астана қ. – 2, Алматы қ. – 1.

 

1 қараша, 2016 - 16:12 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші