You are here

"Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген әлеуметтік-еңбек саласының көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 574 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген әлеуметтік-еңбек саласының көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 574 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген әлеуметтік-еңбек саласының көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2015 жылғы 10 шілдедегі № 574 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік-еңбек саласының көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген халықты жұмыспен қамту жөніндегі көрсеткіштердің мәндерін есептеу әдістемесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ оралмандарды   жұмысқа   орналастыру   жөніндегі   көрсеткіштердің   мәндерін

есептеу әдістемесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген еңбек жөніндегі  көрсеткіштердің мәнін есептеу әдістемесі;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерінің мәндерін есептеу әдістемесі;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қолдау жүйесі көрсеткіштерінің мәндерін есептеу әдістемесі;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік көмек жүйесі көрсеткіштерінің мәндерін есептеу әдістемесі бекітілсін.»; 

көрсетілген  бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Стратегиялық даму департаменті 2016 жылғы 5 қыркүйекке дейін:

  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;
  2. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамы министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4.   Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Денсаулық  сақтау және

әлеуметтік даму министрі                                                    Т. Дүйсенова

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
          Қазақстан Республикасы

          Ұлттық экономика  

          министрлігі

          Статистика комитетінің

          төрағасы

          _________Н. Айдапкелов

          2016 жылғы  «_______»

 

 

 

ТіркемеМөлшер
PDF icon buyryk.pdf798.32 KB
Microsoft Office document icon kosymsha.doc271.06 KB
15 қыркүйек, 2016 - 09:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші