check

You are here

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

         Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралуда.

         Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңiлдiктер мен кепiлдiктердi өзара тану туралы Келiсiмге 1994 жылғы 15 сәуірде ТМД мемлекеттерінің Басшыларымен, соның ішінде Қазақстан Республикасы да қол қойған болатын.

         Алайда, Келісімнің қабылданған сәтінен бастап ТМД мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық саласында түбегейлі өзгерістер орын алып, ұлттық заңнамалары мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері қалыптасты.

         Бұл ретте, аталған мерзім аралығында Келісімге бір ретте өзгерістер енгізілмеген. Нәтижесінде бірқатар ескірген жеңілдіктер сақталып қалған.

         Осыған орай, ТМД Үкімет басшыларының Душанбе қаласында
2015 жылғы 30 қазанда өткен отырысында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы
1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойылған болатын.

         Қаралып жатқан Заң жобасы осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Атап айтсақ келісімнің нормалары:

         Біріншіден, бірқатар ТМД қатысушы-мемлекеттерде заттай жеңілдіктер ақшалай төлемдермен ауыстырылуына байланысты Келісімнің нормалары өзектендірілді. Осылайша, Заң жобасы ТМД мемлекеттеріне Келісімде көрсетілген тізімге сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктерді заттай немесе ТМД мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес ақшалай беруге мүмкіндік береді.

         Екіншіден, ТМД қатысушы–мемлекеттерінің аумағына уақытша келген ардагерлерге берілетін кепілдіктер тізімі өзгерді. Бұл орайда:

-   уақытша келген мемлекеттің заңнамасына сәйкес ауырған, келеңсіз жағдайда, жарақат алғанда, улану және адам өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайларда медициналық ұйымдарда тегін жедел медициналық көмек алуға;

-   тұрмыстық, сауда-саттық, қоғамдық тамақтану орындарында, қоғамдық көлікте, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында, байланыс, мәдени-ағартушылық ұйымдарында уақытша келген мемлекеттің заңнамасына сәйкес кезектен тыс қызмет алу құқығы қарастырылды.

Үшіншіден, Хаттамамен бұрынғы Украина (КСР), Беларусь (КСР), Литва, Латвия, Эстония аумақтарындағы 1944 жылғы 1 қаңтар мен
1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде заңсыз құрылымдар мен топтарды (бандитизмді) жою жөніндегі ұрыс операцияларына тікелей қатысқан адамдарды қосу арқылы Келісімнің аясы кеңейді.

Тиісті құқық қорғау органдарының ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасында аталған санатқа жататын 29 адам тұруда. Олардың барлығы Ұлы Отан соғысы қатысушысы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алады және тиісті әлеуметтік кепілдіктермен қолдануда.

Төртіншіден, бұрынғы Кеңес Одағының әскери қимылдарына қатысқан адамдардың санаттарын анықтау үшін бірдей әдістерді қолдану мақсатында Келісімді олардың қатысуымен ұрыс қимылдар жүргізілген мемлекеттердің, қалалардың, аумақтар мен кезеңдердің тізбесімен толықтыру ұсынылған.

         Жалпы Хаттаманы ратификациялау Келісімде көзделген азаматтардың белгіленген әлеуметтік кепілдіктері мен жеңілдіктеріне деген құқығын одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

_____________________

7 қыркүйек, 2016 - 18:26 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші