check

You are here

Еңбек көші-қоны жөніндегі АНЫҚТАМА

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды туртуға арналған квота белгілейді.

2016 жылы ШЖК тартуға арналған квота 63 мың бірлікті құрайтын республиканың экономикалық белсенді халқына 0,7% көлемінде квота бекітілді.   

2016 жылдағы 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдарының рұқсаттары бойынша 29 458 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асырды, оның ішінде санаттар бойынша:   

▪ бірінші (басшылар мен олардың орынбасарлары) – 1 716 адам немесе 5,8%;

▪ екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 5 550 адам немесе 18,9%;

▪ үшінші (мамандар) – 13 382 адам немесе 45,5%;

▪ төртінші (білікті жұмысшылар) – 6 934 адам немесе 23,5%;

▪ маусымдық жұмыстарға – 1 876 адам немесе 6,3%;

▪ корпоротивтік ауысулар шеңберінде - 603 адам.

Жұмысшылардың жалпы санының 93,7% құрайтын 464 718 қазақстандық азаматтар жұмыс істеген ШЖК тартушы жұмыс берушілердің саны – 3 672.

 

Еңбек мигранттарының көбінесе шыққан елдері мыналар табылады:

▪ Қытай – 11 713 адам немесе 52,7%;

▪ Түркия – 3 302 адам немесе 11,2%;

▪ Өзбекстан – 3 012 адам немесе 10,3%;

▪ Ұлыбритания – 1 490 адам немесе 5%;

▪ Индия – 1 274 адам немесе 4,3%.

 

Экономикалық қызмет түрлері бойынша (саны бойынша ең көбі):

▪ Құрылыс – 15 537 адам немесе 57,4%);

▪ Басқа қызмет көрсетулерді ұсыну– 3 701 адам немесе 11,2%;

▪ Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен кеніштерді өңдеу – 2 110 адам немесе 7,1%;

▪ Өңдеуші өнеркәсіп – 1 593 адам немесе 5,4%;

▪ Ауылшаруашылық, орман және балық аулау шаруашылығы – 1 513 адам немесе 5,1%.

 

А.ж. 1 шілдесінде ШЖК тартушы жұмыс берушілер ерекше шарттарды мынадай көлемде орындады:

▪ қазақстандық азаматтар үшін – 8 331 жұмыс орындары ашылды;

▪ 67 ҚР азаматтары кәсіби дайындықтан өтті;

▪ 327 ҚР азаматтары кәсіптік қайта даярлаудан өтті;

▪ 2 336 ҚР азаматтары біліктілігін арттырды;

▪ 5 қазақстандық кадрлар шетелдік жұмысшылармен ауыстырылды.

Бөлімдер:
16 тамыз, 2016 - 10:23 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші