You are here

2016 жылғы 31 мамырдағы № 467 ДСӘДМ бұйрығы

 

Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпараттың және оны алу үшін өтінімнің нысандарын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы                             № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiнің 31 және 32-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін өтінімнің нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпараттың нысаны бекітілсін.

2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген       іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

    Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

     даму министрі                                                                  Т. Дүйсенова

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі

_____________ Д. Абаев

 

2016 жылғы____  ________

 

 


 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

     2016 жылғы 31 мамырдағы

№ 467 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Нысан

 

 

Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін өтінім

 

 

Төлем тапсырмасының №

Төлем тапсырмасының күні

Төлем тапсырмасының сомасы

Төлемді тағайындау коды

Банк операциясының референсі

Төлеушінің жеке немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі

Төлеушінің атауы

1

2

3

4

5

6

7

 

 

Қолдары:
     

Басшы

 ____________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
    

Бас бухгалтер

_____________________________тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

      Мөрдің орны

 

Өтінім тіркелген күн: 20 ___ ж. «___» _______________________

_____________________________________________________________

өтінімді қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы

 

 

 


 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы 31 мамырдағы

№ 467 бұйрығына

2-қосымша

 

 

 

Нысан

Берілген күні, шығ. №

 

Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат

 

Төлем тапсырмасының №

Төлем тапсырмасының күні

Төлем тапсырмасының сомасы

Төлемді тағайындау коды

Банк операция сының референсі

Төлеушінің жеке немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі

Төлеушінің атауы

Файлдың атауы (Dbf)

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

Қолдары:
 

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бастығы

_________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы

_________________________________  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

    Мөрдің орны

 

 

 

ТіркемеМөлшер
PDF icon № 467773.57 KB
Бөлімдер:
20 шілде, 2016 - 15:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші