check

You are here

1-компонент «Ұлттық біліктілік жүйесіне арналған негіздерді қалыптастыру»

1-компонент «Ұлттық біліктілік жүйесіне арналған негіздерді қалыптастыру» ТжКБ, ЖБ өзектілігін арттыру, сондай-ақ кәсіпорындардың жұмыс істейтін қызметкерлері үшін институционалдық әлеуетті күшейтуге бағытталған. Компонент шеңберінде еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес ҰБЖ негізгі құрамдас элементтерін: кәсіптік  стандарттарды, оқытудың білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ біліктілікті бағалау мен сертификаттауды құру жоспарланады.

1.1. шағын компонент «Қайта қарау және келісу процестерін қосқанда, кәсіптік стандарттарды жетілдіру»  

Осы шағын компонент шеңберінде олар үшін стандарттар болмайтын және (немесе) олар үшін стандарттар еңбек нарығының құбылмалы қажеттіліктеріне жауап бермейтін экономика секторларын қоса алғанда кәсіптік стандарттар жүйесін кеңейту үшін әлеуетті күшейту жөніндегі консультациялық көмек көрсетілетін болады. Стандарттар ірі, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындардың (бұдан әрі – ШОК) қажеттіліктерін де ескеретін болады. Кәсіптік стандарттарды әзірлеу әдіснамасы жеке сектордың тиісті ұйымдарының, ДӘДМ-ның және ХҚДБ қолдауымен БҒМ іске асырған ТжКБЖ және ТжКБ аясындағы алдыңғы стандарттарды әзірлеу тәжірибесіне сүйенетін болады. Кәсіптік стандарттар жүйесі техникалық және кәсіптік оқыту деңгейінен бастай отырып және басқару деңгейінен аяқтай отырып, мамандықтар құзыретінің барлық сегіз деңгейін қамту мақсатында кеңейтілетін болады (сегіз деңгейдің сипаттамасы төмендегі кестеде келтіріледі). Сондай-ақ осы шағын компоненттің шеңберінде еңбек нарығындағы өзгерістерді көрсетуге арналған кәсіптік стандарттарды тұрақты қайта қарау және өзектендіру рәсімі әзірленетін болады.      

1.2. шағын компонент «Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) әрі жоғары білім беру бағдарламаларын қайта қарау мен жаңарту жүйесін әзірлеу және іске асыру»

Осы шағын компонент «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» ХҚДБ және ҚР БҒМ Жобасының (2011-2015 жж.) шеңберінде алынған жетістіктер мен тәжірибеге сүйенеді, және білім беру бағдарламаларының кәсіптік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін оларды әзірлеу және келісу жүйесін тұрақты жаңғыртуға қолдау көрсетеді. Аталған Жоба ТжКБ және ЖБ қосымша бағдарламаларын қамту жөніндегі алдыңғы үздік тәжірибені есепке ала отырып, жеке сектор тарапынан белсенді қатысу және тарту кезінде жүзеге асырылатын болады.    

Шағын компонент шеңберінде әзірленген білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар негізінде оқытудың міндеттері мен нәтижелерін айқындауы, кәсіптік бағдар жөніндегі талаптарды қосқанда, когнитивтік, техникалық және өмірлік дағдыларды теңдестірілген дамытуды көздеуі тиіс. Білім беру бағдарламалары оқыту нысандары бойынша (күндізгі, кешкі, сырттай) олардың қолданылуын қамтамасыз ете отырып, модулдық форматта әзірленеді.

Сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен оқытудың міндеттерін тұрақты қайта қарау және өзектендіру рәсімін әзірлеу жоспарлануда. Осы процесс оқытуды бағалау үшін негіз ретінде белгілі бір модульдерді және барлық білім бағдарламасын оқытудың нәтижелерін өлшеу тәсілдерін айқындауды қамтиды.        

1.3. шағын компонент.  «Тестілеу және кәсіптік сертификаттау сынамалы салалық орталықтарына консультациялық қолдау көрсету арқылы біліктілікті бағалаудың және берудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жол картасын әзірлеу»

Осы Шағын компоненттің шеңберінде өнеркәсіптің нақты секторлары мен салаларындағы тестілеу және кәсіптік сертификаттау орталықтарын сынамалы енгізу және тәуелсіз институционалдық құрылымды жасау мен практика үшін біліктілікті бағалау және беру жөніндегі мекемелердің әлеуетін нығайту арқылы сандық (вакансиялар) және сапалық (қажетті құзыреттер) тапсырыс бойынша (жұмыс берушілердің (салалық қауымдастықтардың) кәсіптік біліктіліктерді бағалау және беру жүйесін жетілдіруге арналған техникалық көмек берілетін болады. Тау-кен өндірісі, мұнай-газ салалары мен туризмдегі салалық қауымдастықтар базасында тәуелсіз біліктілікті растау жүйесінің жұмыс істеуінің институционалдық үлгісін әзірлеу және іске асыру жөніндегі БҒМ сынамалы Жобасының (2012-2014 жж.) нәтижелері қолданылатын болады.   

Сондай-ақ біліктілікті бағалау және беру жүйесін тұрақты қайта қарау мен өзектендіру рәсімі әзірленетін болады. НРК іске асыруды қолдау үшін, ТжКБ және жоғары білім берудің біліктіліктеріне одан әрі сәйкестікті қамтамасыз ету қажет. Біліктілікті бағалау және беру үшін құралдар, әдістер мен ұйымдастырушылық құрылымдар жаңғыртылады және жұмыс берушілердің тапсырысына сәйкес келтіріледі.

ТжКБ білім беру бағдарламаларына біріктірілген сапаға кепілдік беретін және оқу орнында  игерген мамандығына сәйкес кәсіптер бойынша жұмысқа орналастырылған колледж және жоғары оқу орындарының түлектерін ерікті сертификаттау негізінде жоғары білім беру қызметтерін жеткізушілердің (1.2. шағын компонент) қалыптасқан бағалау жүйесімен байланыс орнатылатын болады. Екі жүйені тәуелсіз бағалау шындыққа, сенімділік пен анықтыққа сүйене отырып жүзеге асырылады.        

28 маусым, 2016 - 21:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші