You are here

Төртінші Қазақстан-болгар ҮАК отырысы (9 маусым 2016 ж., Астана қаласы)

                                  

2016 жылғы 9 маусымда Астана қаласында Қазақстан тарапынан Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Қасымқызы Дүйсенованың тең төрағалығыммен және болгар тарапынан Болгария Республикасы Өңірлік даму және көріктендіру министрі Лиляна Павлованың тең төрағалығымен Қазақстан-болгар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 4-отырысы (бұдан әрі – ҮАК отырысы) өткендігін хабарлайды.

Болгар тарапынан жетпіске жуық делегат, оның ішінде Парламент депутаттары, экономика, энергетика, туризм министрлерінің орынбасарлары және мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтардың басқа да өкілдері қатысты.

ҮАК отырысы барысында Қазақстан-Болгария қарым-қатынасының даму мәселелері талқыланды және делегация өкілдері арасында конструктивті пікір алмасу өтті.

ҮАК қорытындылары бойынша Тараптар төмендегілер туралы уағдаластыққа қол жеткізді:

- екі ел экономикасын, нарығын және нормативтік-құқықтық базасын дамыту туралы ақпаратпен алмасуды кеңейту туралы;

- екі ел аумағында өтетін көрмелер мен жәрмеңкелерге фирмалар мен компаниялардың қатысуына, сондай-ақ іскер топтардың сапарларымен алмасуына жәрдемдесу туралы;

- екі елдің іскер субъектілері арасындағы байланысты жандандыру үшін сауда-өнеркәсiп палаталарының, кәсіпкерлер одақтарының және өндірушілер қауымдастықтарының рөлін арттыру туралы;

- ауыл шаруашылығын дамыту туралы және өсімдіктерді өсіру және қорғау, ветеринария және фитосанитария, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, мал шаруашылығы және басқа салаларда ынтымақтастықты жандандырудың айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті;

- киберқауіпсіздік саласында өсіп келе жатқан қауіпке байланысты                             KZ-CERT және CERT.BG компьютерлік инциденттерге ден қою қызметтері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюдың қажеттілігі туралы;

- спорт және дене шынықтыру саласында келісімге қол қоюдың қажеттігі туралы;

- «KTZ Express» АҚ мен «БДЖ-Грузовые перевозки» ЖШҚ арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қою туралы және оның темір жол көлігі және Азия-Еуропа және кері бағытта жүк тасымалдаудың көлемін ұлғайту саласында екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңыздылығын атап өтті;

- «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ мен Болгар энергия тиімділігі және жаңартылатын көздер қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға жәрдемдесу туралы;

- Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасында сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қоюды жеделдету туралы.

Сондай-ақ Тараптар отырыста сауда және экономикалық қатынастар, өңірлік даму, көріктендіру, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, байланыс және ақпараттық технологиялар, көлік, энергетика және энергия тиімділігі, туризм, спорт, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, білім және ғылым, басқа да салаларда ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті.  

Болгар тарапы Қазақстан тарапын 2016 жылғы 26 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Пловдив қаласында өтетін Халықаралық жәрмеңкеге қатысуға шақырды. 

Қазақстан тарапы болгар тарапын Астана қаласында 2017 жылғы мамырда өтетін Х Астана экономикалық форумына, сондай-ақ 2016 жылы Қазақстан Республикасында өткізілетін халықаралық көрмелерге қатысуға шақырды.  

ҮАК отырысының қорытындысы бойынша тең төрағалар                      Қазақстан-болгар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысының хаттамасына қол қойды.

ҮАК шеңберінде болгар делегациясының тең төрағасы Лиляна Павлованың Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевпен, «Бәйтерек» ұлттық холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Л. Е. Ибрагимовамен, Қазақстан Республикасының  Инвестициялар және даму министрі Ә. Ө. Исекешевпен екі жақты кездесулері ұйымдастырылды.     

Сондай-ақ Болгария Республикасы Ұлттық Жиын депутаттарының Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрайымы Г.М. Ықсановамен екі жақты кездесулері өткізілді. Болгария Республикасы Экономика министрінің орынбасары                      Л. Петровтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовпен, Болгария Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Ж. Станковтың Қазақстан Республикасының  Энергетика вице-министрі М.М. Мырзағалиевпен және «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ төрағасының орынбасары – «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Н.Н. Шмановпен кездесулері болып өтті.    

ҮАК шеңберінде екі ел іскер топтарының 150-ден астам өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-болгар бизнес-форумы өткізілді.

Бизнес-форум барысында Қазақстан мен Болгарияның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі және «KAZNEX INVEST» АҚ-тың көмегімен екі ел іскер топтарының одан әрі сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі келіссөздер жүргізіліп, Қазақстанды индустрияландырудың                                            2015-2016 жылдарға арналған бағдарламасы және инвесторлар үшін жаңа ынталандырулар пакеті назарға ұсынылды.

         Бизнес-форум қорытындысы бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ пен Болгария Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

27 маусым, 2016 - 18:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші