check

You are here

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу Күніне орай БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу Күніне орай

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3443 Президент Жарлығына сәйкес Қазақстанда жыл сайын 31-мамыр күні Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу Күнін атап өттіледі.

 

Қазақстанда жаппай саяси қуғын-сүргіндер ерекше орынға ие. Ел орда Ақмола қаласына көшкен алғашқы күндерден кейін Президент Н. Назарбаев саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ескерткіш орнату туралы тапсырма бергені де кездейсоқтық емес. Оның тапсырмасымен «ОСӘАЛ» – Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері мұражай-мемориалдық  кешені салынды Тәуелсіздіктің  алғашқы күндерінде 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды (оның қабылдану мақсаты – әдiлеттiлiктi қалпына келтiру және шеккен зардаптардың орнын толтыру), нәтижесінде 300 мыңңнан астам адам ақталды.

«Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес негiзсiз қуғын-сүргiндерге ұшыраған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақталған адамдарға, республикалық бюджет қаржысынан олардың аталған орындарда болған әр айы үшiн әлеуметтiк қорғау органдарына өтiнiш жасаған сәтiнде қолданылған Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген айлық есептік көрсеткіштің төрттен үш бөлiгi есебiнен, бiрақ заңмен белгiленген 100 айлық есептік көрсеткiш есебiнен ақшалай өтемақы төленедi.

2003 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі мерзім аралығында республикалық бюджет есебінен 2,9 млрд. теңге сомасында бір жолғы ақшалай өтемақы төленді. Осы мақсаттарға 2015 жылғы республикалық бюджетте 4,7 млн. теңге қарастырылған.

Бұдан басқа, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға әлеуметтік төлемдердің өзге түрлеріне қарамастан 1,07 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2016 жылы – 2121 теңге) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

2005 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі мерзім аралығында республикалық бюджет есебінен 7,8 млрд. теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2016 жылға 987,6 млн. теңге жоспарланған. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы ақталған адамдардың саны а.ж. 1 мамыр жағдайына 35 325 адамды құрайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мүгедектiгi бар немесе зейнеткер болып табылатын ақталған азаматтар:

қамауда болған, жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеген, айдауда болған, арнайы қоныстарда бостандығын шектей отырып, мәжбүрлеп еңбекке тартылған және психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емделген уақыттарын зейнетақы алу үшiн еңбек стажына - үш еселенген мөлшерде есептеуге;

кезектi еңбек демалысын өздерiне қолайлы уақытта алуға, сондай-ақ жылына екi аптаға дейiнгi мерзiмге жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алуға;

жекешелендiру купондарын сақтай отырып, тұрғын үй-жайды меншiкке тегiн алуға;

бiрiншi кезекте телефон орнатуға;

бау-бақша қоғамдарына және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерiне бiрiншi кезекте кiруге;

қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге бiрiншi кезекте орналасуға, оларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық мемлекеттiк қамсыздандыру жағдайында тұруға;

протез-ортопедиялық бұйымдарымен жеңiлдiктi қамтамасыз етуге;

ақталуға байланысты мәселелер бойынша адвокаттардан тегiн кеңес алуға құқылы.

Бұдан басқа, саяси қуғын-сүргіннен зардап шегіп Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ақталған азаматтарға жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың  әкімдері, өз құзыреті шегінде қоғамдық ұйымдардың басшылары сәйкесінше бюджет есебінен қосымша материалдық көмек және басқа да көмек түрлерін көрсетуге құқылы.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес мәселен, Қазақстан Республикасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай (СҚО, ШҚО (Глубоковский ауд.) Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Астана қаласында) материалдық көмек көрсетіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушыларына жыл сайын материалдық көмек көрсетіледі.

 

31 мамыр, 2016 - 09:52 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші