You are here

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-12) тармақшасына және 7-бабы       5-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы                    19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының                  2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидалары; 

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

2.  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

           Қазақстан Республикасы

 Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрінің міндетін атқарушы                                  Е. Біртанов

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитеті

төрағасының міндетін атқарушы

__________________ Б. Иманәлиев
20__ жылғы «__» _____________

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon pril_kaz.doc82 KB
Бөлімдер:
24 ақпан, 2016 - 19:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші