You are here

2018 жылға мүгедектерге төленетін жәрдемақы 2 есеге көтеріледі


Loading Video...

Алдағы 3 жылда мүгедектерге төленетін жәрдемақы 2 есеге көтеріледі. Бұл туралы бейсенбі күні  Парламент Сенатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтып өтті. Елімізде бүгінгі таңда  627 мың мүгедек болса, оның 47 мыңы 1-топта.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазақстанда қазір бірінші топтағы мүгедектерге берілетін жәрдемақы 33 мың 291 теңге. Бұл долларға шаққанда 123 доллар екен. Көрші жатқан Өзбекстанда 147 доллар. Украинада соғыс жүріп жатқан 170 доллар, Россияда 209 доллар, Белоруссияда 224 доллар, Әзірбайжанда 189 доллар. Неге осындай айырмашылықтар болып қалды?  

Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІ:

Ресей, Белоруссияда бұл зейнеттік жәрдемақы түрінде беріледі. Азаматтар мүгедек болғаннан кейін олардың жұмыс стажына қарап, еңбек еткен өтіліне қарап төленеді. Біз мүгедек бойынша жәрдемақыны зейнетке дейінгі уақытқа дейін төлейміз. Ал зейнетке жеткеннен кейін зейнетақы төлейтін боламыз. Ал зейнетақы төленгеннен кейін біз ол мемлекеттермен ең төмеңгі зейнетақы бойынша жоғарыда тұрмыз. Ал орташа зейнетақы жөнінде Ресейден кейін екінші орында тұрмыз.  

Сенат депутаттары 12 заң жобасын қарады

Сонымен қатар Сенат  депутаттары 12 заңды қабылдады. Олардың қатарында мемлекеттік рәміздер, тарихи мұра, кооперативтер, үкіметтік емес ұйымдар қызмет туралы құжаттар бар. Осы күні кәсіпкерлік кодекс қабылданды.  

Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бүгінгі күні кәсіпкерлік қызметті реттейтін 80-нен астам заңдар бар. Яғни бұл кәсіпкерлік үшін, шағын, орта, дара кәсіпкерлер үшін үлкен қиындық. Міне кәсіпкерлік кодексте осы кәсіпкерлікті реттейтін функционалдық заңдар топтастырылған.   Депутаттар сонымен қатар Жер кодексіне өзгеріс енгізді. Онда жерді тиімді пайдалану жағы қарастырылған. Енді табиғи ресурс аукционмен сатылатын болады.  

Қосымша ақпарат алу үшін: http://kazakh-tv.kz/kz/view/news_kazakhstan/page_127799_2018-zhylha-mygedekterge-tolenetin-zhardemaky-2-esege-kote#page

9 қазан, 2015 - 12:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші