You are here

Қазақстанның үздік кәсіпкерлері анықталды


Loading Video...

Елордада үздік кәсіпкерлер марапатталды. 10 жыл қатарынан Қазақстанның кәсіпорындары мен тауар өндірушілерінің жұмысын бағалайтын «Алтын сапа» жүлдесіне қатысуға биыл 153 кәсіпорын ниет танытқан. Ақтық мәреге мықты деген 30 лауреат өтті. Халық тұтынатын ең үздік тауар аталымында "ҚазлегпромАлматы" компаниясы жеңіске жетті. Аталған кәсіпорын киім тігумен айналысады. Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауар ретінде Алматы облысындағы "Рыбпром" ЖШС танылды. Ал Қарағанды облысындағы "Бемер арматура" ЖШС өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын аталымында топ жарды. Мұнымен қоса, биыл «Алтын сапа» сыйлығының 10 жылдығына орай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Іскер» арнайы сыйлығын табыстады. Мұндай марапатқа 10 компания ие болды. "Парыз" бас жүлдесі бойынша, Әлеуметтік жауапкершілігі ең жоғары кәсіпорын анқыталды. Биыл гран-при "Самұрық-Энерго" компаниясының еншісінде.

Манат КӘРБОЗОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

"Парыз" сыйлығын иемденіп жатырмын. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Алдағы уақытта да бізге сеніп тапсырылған жұмысты артығымен орындаймыз деп сенім білдіремін. Осы ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге бір адамдай үлесімді қосамын деп айтамын.

Қосымша ақпарат алу үшін: http://kazakh-tv.kz/kz/view/news_kazakhstan/page_137521_kazakstannyn-yzdik-kasipkerleri-anyktaldy#page

14 желтоқсан, 2015 - 10:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші