You are here

Жаңартылған еңбек және салық кодексі күшіне енді


Loading Video...

Өткен жыл Парламент депутаттарына біраз жүк салғаны белгілі. Халық қалаулылары 210 заң жобасын қарап, оның 158-ін мақұлдады. Бұл жаңа заңдардың кейбірі былтыр күшіне енген болса, тағы бірсыпырасы биылдан бастап қолданысқа енгізілуде. 1-ші қаңтардан бастап күшіне  енген Еңбек кодексінде жұмысшының құқығын аяқ асты етпейді.  Мәселен, енді еңбек шарты жасалмайынша, қызметкерге жұмысқа кірісуіне жол берілмейді. Егер талап орындалмаса, жұмыс берушіге 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, шамамен 400 мың теңге айыппұл салынады. Жаңа кодексжаһандық дағдарыс жағдайына сай әзірленген. Мәселен, кәсіпорынның экономикалық жағдайы нашарласа, еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуы мүмкін. Бірақ, ол 2 айлық жалақы көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеледі. Бұдан бөлек, қызметкерді басқа орынға ауыстыруға мүмкіндігі жоқ екенін дәлелдеуі тиіс. Сонымен қатар, еңбек шартын бұзуға негіз болған себептерді кәсіподаққа 1 ай бұрын ұсынуы қажет.

Ирина АРОНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:  

Еңбек қатынастарын реттеудің жаңа моделі халықаралық еңбек стандарттарына сәйкес жасалынды. Ол бойынша басшы мен жұмысшы құқығы барынша теңестіріледі. Қандай да бір мәселе туындаса түйткіл ұжымдық келісім арқылы шешіледі.  

Салық жүйесінде де біршама өзгеріс осы жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енді. Оған сәйкес, қазақстандық кәсіпкерлердің шет елдердегі табыстарына да салық салынады. Бұл норма арнайы салық режимі бойынша жұмыс атқаратын шағын және орта бизнес өкілдеріне қатысты қолданылмақ. Сонымен қатар, осы жылдан бастап елді мекендердегі жер телімдері және көлік тұрақтары, жанармай стансалары мен казиноларға бөлінген өндірістік жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесі өсті. Бұдан бөлек, бастапқыда құрылыс жұмыстарын жүргізуге арна

Қосымша ақпарат алу үшін: http://kazakh-tv.kz/kz/view/news_kazakhstan/page_140614_zhanartylhan-enbek-zhane-salyk-kodeksi-kyshine-endi#page

Темы мультимедия: 
Бөлімдер:
5 қаңтар, 2016 - 09:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші