You are here

Алматы процесі Жоғары Лауазымды Тұлғалардың Екінші Кездесуіндегі Алматы процесі Төрағасының қорытынды сөзі

Орталық Азиядағы Мигранттар мен босқындар мәселелерін және олардың шешімдерін қарастыратын еңбек көші-қонының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері.

Астана қаласы                                                                                              2015 жылғы 22 қыркүйек

  1. Жоғары Лауазымды Тұлғалардың Кездесуіне Алматы процесінің қатысушы және бақылаушы мемлекеттердің Ұлттық бағыттаушылары мен Жоғары лауазымды тұлғалары қатысты, сонымен қатар, Ауғаныстан Ислам Респубилкасы, Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Респубилкасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Пәкістан Ислам Респубилкасы, Тәжікстан Респубилкасы, Түркия Респубилкасы, Түрікменстан, босқындар мәселелері жөніндегі БҰҰ Жоғарғы Комиссары Басқармасы, Халықаралық көші-қон ұйымы, Прага процесі, Будапешт процесі, БҰҰ Даму Бағдарламасының сарапшылары, халықаралық сарапшылар, және де Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және Америка Құрама Штаттарының Елшіліктерінің өкілдері қатысты.

 

  1. Өткен кездесудің тақырыбы «Орталық Азиядағы Мигранттар мен босқындар мәселелерін және олардың шешімдерін қарастыратын еңбек көші-қонының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері» және жиналыстың мақсаты Орталық Азиядағы, және одан кең аймақтағы алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасу, жаңа тенденцияларды талдау, ақаулықтарды анықтау және ұсыныстар беру арқылы          еңбек көші-қонына байланысты күрделі сын-тегеуріндерді шешудегі қатысушы мемлекеттердің әлеуетін күшейту болып табылды. Сондай-ақ, кездесуде Орталық Азиядағы босқындар мәселесінің шешімі ретінде жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері зерттелді, босқындардың жұмыспен қамсыздандыруға қолжетімділігін, және мұның салдары ретінде олардың экономикалық дербестігін және қамсыздығын қамтамасыз ете алатын мүмкіндітер, сын-тегеуріндер мен алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе талқыланды. Сондай-ақ, кездесу Алматы процесіндегі келесі қадамдарды келісуге бағытталды.

 

  1. Қатысушы-мемлекеттер шығындар, еңбек ету мерзімі және рәсімдердің күрделілігі мәселелерінің шешілуіне жәрдемдесетін жоғары білікті мигранттар және сұранысқа ие білікті жұмыскерлер сияқты басым топтардан жүріп жатқан иммиграцияны есепке ала отырып, шаралардың және әрекет етуші ұлттық заңнаманы қайта қарау қажеттілігін атап өтті.

 

  1. Қатысушы мемлекеттер еңбекші мигранттардың құқықтары мәселелерін жалдамалы жұмыс қызметін басқару және жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін сақтауды жақсарту арқылы шешу қажеттілігін мойындады. Қатысушы мемлекеттер еңбекші мигранттардың құқықтарын қамтамасыз ету жіберуші, сондай-ақ қабылдаушы тарап үшін көші-қоннан түсетін экономикалық пайданы барынша көбейтудің кілті екенін мойындады.

 

  1. Қатысушылар иммигранттардың жеке топтарының тұратын орны және жұмыспен қамту мәселелерін реттеу жолдарын қамтамасыз ету маңыздылығын, сондай-ақ  еңбекші мигранттардың құқықтарын қорғау және реттелмеген миграциямен байланысты жағымсыз құбылыстармен күрес жөніндегі екіжақты және көпжақты келісімдер жасасу маңыздылығын атап өтті.

 

  1. Қатысушылар адамдарды сату және эксплуатациялауға, сондай-ақ мигранттарды заңға қайшы алып келуге қарсы күрестегі аймақтық ынтымақтастық және үйлестірілген іс-әрекеттер арқылы шаралар қолдануды жақтайтынын растады. Қатысушылар мемлекеттік биліктің адам құқықтарын қорғауды құрметтеуді, адам сатуды алдын алу бойынша ақпараттық кампаниялар жүргізу арқылы ақпараттандыру деңгейін көтерудегі маңыздылығын растады.

 

  1. Ең жақсы халықаралық тәжірибелерді назарға ала отырып, қатысушылар өздерінің іс-әрекеттерін сәйкесінше жүргізуге және бұдан басқа заңсыз мигранттарды сәйкестендіру, ұстау, тасымалдау, қамауда ұстау және үшінші елдерге жер аудару/қайтару бойынша, сондай-ақ ең осал топтардың қажеттіліктерін және босқындарды қорғау саласындағы заңнаманы назарға ала отырып, ішкі заңнаманы және  рәсімдерді қарастыру қызметін белсендіруге келісті.

 

  1. Қатысушылар эмиграцияның жоғары қарқынына ие мемлекеттердің экономикасы үшін ақша аударымдары әсерінің маңыздылығын, және білім және денсаулық сақтауға инвестициялау сияқты мақсаттар үшін ақша аударымдарын пайдалану іс әрекеттерін тығыз халықаралық ынтымақтастық арқылы жүргізу қажеттілігін мойындады.

 

  1. Қатысушылар мәселенің көлемін қысқартуға және заңсыз жұмыс, адам сату мен контрабанда тәуекелі туралы мигранттардың көбірек ақпараттандырылуына, сондай-ақ олардың лайықты өмірге құқықтарын қорғау туралы ақпараттандырылу деңгейін көтеруге бағытталған күш-ырғақты белсендіру қажеттілігін мойындауға бағытталған аймақтағы өңдеп шығарылған тәжірибені атап өтіп, қабылдаушы елдерге қайта кіруге тыйым салынған Орталық Азия еңбекші мигранттары туралы мәселені қарастырды.

 

  1. Қатысушылар мигранттар мен босқындардың жіберуші және қабылдаушы елдердің еңбек нарығында сәйкес реинтеграциясына жәрдемдесудегі ынтымақтастық жоспарында ары қарай әрекет ету қажеттілігін келісті. Қатысушылар барушы елдерге қайта кіруге тыйым салынған еңбекші мигранттардың жіберуші елдердегі, сондай-ақ аймақтың басқа елдеріндегі еңбек нарығына реинтеграциялану өзектілігін атап өтті.

 

  1. Қатысушылар өзін өзі қамтамасыз ету жетістіктерін және Орталық Азиядағы босқындар үшін шешімнің маңыздылығын мойындады. Қатысушылар аймақтағы босқындар үшін шешімдерге қол жеткізу үшін тиімді әдіс ретінде сәйкес саясатты, сондай-ақ миграциялық саясатты жүргізу үшін Орталық Азияда ары қарай зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері мен әлеуеттің бар екенін мойындады.

 

  1. Қатысушылар мүмкіншілік келгенше өздерінің жұмыстарын алға жұмылдыруға және төтенше жағдайлардағы аралас миграциялық ағымдардың шешімдері үшін неғұрлым тиімді жедел әрекетті қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайларға дайындықты көтеруге келісті, және бұл мәселелерді шешуде БҰҰ БЖКБ және ХКҰ-н қолдады.

 

  1.  Қатысушылар Алматы процесінің Орталық Азиядағы алдағы диалог және аралас миграциялық ағымдар бойынша аймақтық ынтымақтастық үшін аймақтық консультативтік үрдіс ретіндегі маңыздылығын растады.
ТіркемеМөлшер
Office presentation icon ageda_marin_mom_2.ppt7.7 MB
10 тамыз, 2016 - 17:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші