You are here

Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің Консультативтік кеңесінің XXVII отырысы

2014 ж. 7 қарашада Астанада Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау  мәселелері бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің Консультативтік кеңесінің XXVII отырысы өтті. Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау  мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңес әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері бойынша өзара қызметті үйлестіру және проблемаларды шешу мақсатында 1992 жылғы 13 қарашада ТМД–ға мүше мемлекеттердің шешіміне сәйкес құрылды.

 Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, Ресей Федерациясының Еңбек және әлеуметтік даму министрі М.А.Топилин, Әзірбайжан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Н.Н.Мамедов, Армения Республикасы Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрінің орынбасары Д.С.Багдасарян және Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы мен ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Байқаушылар ретінде шараға қатысу үшін ТМД мүше мемлекеттері Парламентаралық ассамблеясы және БҰҰ агенттіктері – Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының (МХҰ) өкілдері шақырды.

Отырыс барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаларын жетілдіру, ТМД елдеріндегі атаулы әлеуметтік көмекті дамыту мәселелері талқыланатын болады, сондай-ақ мәліметтерді қамтитын өндірістегі жазатайым уақиғаларды тексеру жөнінде ұсынымдар және еңбек жағдайлары және оны қорғау саласындағы бірегей тәсілдерді белгілеу бойынша ұсынымдар әзірленеді. Бұдан әрі ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағында еңбекші көшіп қонушылардың электрондық картасын енгізу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жобасы қарастырылады. Ол көшіп қонушының ТМД-ға мүше мемлекеттің аумағында болу (уақытша тұру) туралы деректерді, оның медициналық сақтандырылуы, білімі, көші-қон картасы және т.б. мәліметтерді қамтитын болды.  

Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау  мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңестің мүше елдердің еңбек және әлеуметтік саласындағы бірлескен басымдықтары белгіленген №27 Шешіміне қол қойды.

Күннің екінші жартысында шараға қатысушылар Астана қ. Қарттар үйі, Астана қ. әкімділігінің Жұмыспен қамту орталығы, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-ға бару кезінде Қазақстанның әлеуметтік қорғау жүйесіндегі кейбір объектілердің жұмысымен танысады. 

 

6 ақпан, 2015 - 10:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші