You are here

мугедектікке зейнетақы

Сәлеметсіз бе Тамара Касымовна! Менің сәбиім "врожденная расшеление губы и мягкого , твердого неба" деген диагнозбен дүниеге келген. Менің сұрағым: туа біткен осы диагнозбен туылған мугедек балаларға өкімет канша ақша көлемінде көмек береді? Және қанша жасына дейін көмек береді? Және жалғызбасты анаға да көмек бере ме? Назар бөліп оқығанызға рақмет! Айгерім

Жауап: 

Жауабы.

 

Сәлеметсіз бе!

Мемлекеттік жәрдемақылар туралы

Қолданыстағы заңнама аясында республикалық бюджет есебінен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.

Жәрдемақылар мүгедектiктiң белгілеген бүкiл кезеңiне тағайындалады.

Тіршілік ету әрекетінің шектелу, оның ішінде еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді.

Осыған байланысты аталған жәрдемақылар мөлшері мүгедектік топқа байланысты (он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 24 336 теңге мөлшерінде, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі (1-3 топтағы) мүгедек балаларға шамамен  33 291 теңгеден 20 711 теңге дейін) жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, мүгедек баланы (18 жасқа дейін) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге ай сайын жалақының 1,05 ең төмен мөлшерінде (22 433 теңге) мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, төленеді.

Жергілікті атқарушы органдары тарапынан көрсетілетін көмек туралы

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында «жалғызбасты ана» ұғымы жоқ. Осыған орай, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік кепілдемелер жалпы негізде қаралады.          

Алайда, облыс, қала және аудан әкімдері өз құзыреті шегінде бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына оның ішінде аз қамтылған отбасыларына материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетуге құқылы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін  жәрдемақының мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Сонымен бірге, белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола аласыз.

Осыған байланысты, атаулы әлеуметтік көмекке және балаларға арналған жәрдемақыға үміткер болу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

 

?: Омирбекова А.

Сұрақтың нөмірі: 320960
28 қаңтар, 2015 - 16:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші