You are here

Алматы Үдерісі жөнінде

  Алматы Үдерісі  - Орталық Азиядағы босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон мәселелері бойынша аймақты сабағаттық удеріс. Алматы Үдерісі  күрделі көші-қон динамикасымен серттелген көптеген мәселелерді жоюға және төмендегі мақсаттар арқылы аймақты ынтымақтастықты және аралас көші-қон бойынша үйлестіруді жақсартуға бағытталған:

•         Халықаралық көші-қон және босқындарды қорғау мәселелері бойынша жәрдемдесу;

•         Ретсіз көші-қонмен байланысты мәселелерді шешу және бақылау тетіктерін жетілдіру;

•         Көші-қонның негізгі себептерін біртұтас түсінушілігіне жеткізуін ынталандыру;

•         Орнын алмастырып жүргендерге байланысты кешенді және сараланған саясатты қолдау;

•         Көші-қон және босқындарды қорғау мәселелерін басқару мақсатындағы мемлекеттің әлеуетін нығайтуға бағытталған шаралардың жобаларын дамыту.

 

   Төраға

   Қазақстан

 

   Қатысатын мемлекеттер

    Ауғанстан

   Әзірбайжан

   Қазақстан

   Қырғыз Республикасы

   Тәжікстан

   Түркия

   Түрікменстан

   Бақылаушы мемлекеттер

   Иран

   Пәкістан

      Қолдау қызметі

Қолдау қызметі Алматы Үдерісінің қызметін қамтамасыздандыра отырып мақсаттарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Қолдау қызметі Төрағаның нұсқауымен жұмыс атқарады. Қолдау қызметінің жұмысы БҰҰ БЖКБ мен ХКҚҰ арқылы жүзеге асырылады.

      Алматы Үдерісінің дамуы

Алматы Үдерісі 2010 жылда тасы қаланып 2013 жылы жүзеге асырылады, сонымен қатар бірнеше кеңес кездесулер мен конференциалармен жалғасады:

•             Орталық Азиядағы Босқындарды Қорғау және Халықаралық Көші-қон Аймақты Конференциясы, Алматы, Қазақстан, 14 – 16 наурыз 2011 жылы Орталық Азиядағы Босқындарды Қорғау және Халықаралық Көші-қон Аймақты Конференцияның қатысушылары ретсіз көші-қонның құрбандары болған адамдарды қорғайтын ұлттық саясатты дамытудың маңыздылығын мақұлдады; және де адам трафигін қысқарту мен күрес шараларын қолға алуға шақырып, бұл қылмыстың құрбандарын тиімді қорғаныспен қамтамасыз ету және де халықтың аралас қозғалыстар арқылы көтерілген сұрақтарға байланысты шешімдердің маңыздылығына көңіл аударды. Олар ретсіз көші-қонды басқару үшін    ынтымақтастықтың күшейтуінің және халықаралық құқыққа сәйкес пана беру мумкіндігін сақтай отырып, шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  маңыздылығын атап өтті. Алматы Декларациясын бірауыздан қабылдай отырып, қатысушы мемлекеттер: Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қыргызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркия және Турікменстан аралас көші-қонға байланысты аймақты ынтымақтастықты  құруға міндеттенді.     

•             Аймақты Шектеулі Ынтымақтастық Құрылым және Босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон Аймақты Істер Жоспары, Алматы, Қазақстан, 7 қыркүйек 2012. Сол уақыттан бері Орта Азия мемлекеттері: Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан және Түрікменстан Алматы Декларациясын жүзеге асыру барысында бірнеше маңызды қадамдар жасады. 2012 жылы бұл мемлекеттер Вице - Министр деңгейінде Ұлттық Үйлестірушілерді тағайындап келесі құжаттарды қабылдады: Аймақты Шектеулі Ынтымақтастық Құрылым және Босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон бойынша Аймақты Істер Жоспары. Аймақты Шектеулі Ынтымақтастық Құрылым аймақты диалогты күшейту мен аралас көші-қонға байланысты мәселелерді шешу жөніндегі мемлекеттердің және басқа да жақтардың мүмкіндіктерін күшейту және жалпы маңыздылығы бар ынтымақтастықты көздейді. Аймақты Істер Жоспары бұл істерді іске асырудағы нақты қадамдарды ұсынады. Қатысушылар одан әрі Алматы Үдерісінің құрылуын ұсынды.

•             Босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Министрлік Конференция: Алматы Үдерісі, Алматы, Қазақстан, 5 маусым 2013.

 

      Алматы Үдерісі Алматы қаласында өткен 2013 жылдың 5 маусымында Босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Министрлік Конференциясында күшіне енді.  Конференцияның қорытындысы ретінде екі құжат қабылданды.  Коммюнике мемлекеттердің кең Орталық Азия аймағындағы аралас көші-қон қозғалыстардың мәселелерін шешу жөнінде уәделескенін жариялайды, сонымен қатар босқындар сұрақтары бойынша ұзақ мерзімді шешімдер мен халықаралық қорғанысқа душар болғандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету барысында ұлттық құқық шараларды құру мен тәжірибелік ынтымақтастықты аймақты диалог арқылы жүзеге асыруды мәлімдейді. Коммюнике Алматы Үдерісінің Операциялық Құрылымын мақұлдады, ал ол сонымен қатар Үдерістің мақсаттары мен мүшелігін анықтайды және Төрағаның Істер Жоспары мен Қолдау Қызметі, бақылаушылардың қатысуы мен кездесулердің жиілігіне жауап береді. Коммюнике мен  Операциялық Құрылым қатысушы мемлекеттермен мақұлданады, олардың ішінде:  Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қыргызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия және Турікменстан. Иран бұл Үдерістің бақылаушы мемлекеті болып келеді.

         Төраға

Алматы қаласында 5 маусым 2013 жылы  өткен Босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Министрлік Конференциясында Қазақстан Республикасы Алматы Үдерісінің алғашқы Төрағасы болып сайланады. Қазақстан Республикасы Алматы Үдерісінің  Төрағашылығын екі жылға қабылдады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице – Министрі Арғындыков Даулет Рашидұлы мырза Қазақстанның төрағашылығына байланысты шаралардың Үйлестірушісі ретінде тағайындалды. 

Төрағаның өкілеттік жүктемелері:

•             Алматы Үдерісінің шеңберінде өтіп жатқан кездесулерге қатысу, министрлік бақылау жүргізіп, конференцияларды жоспарлау;

•             Алматы Үдеріске байланысты төрағашылықтың мерзімінде өтетін шараларға Үйлестіруші ретінде әрекет ету;

•             Қолдау Қызметі арқылы аралас көші-қон ағымы мен пана беру сұрақтары бойынша болатын семинарлар, кеңестер мен конференцияларды ұйымдастыру;

•             Алматы Үдерісін қатысушы мемлекеттер атынан сыртта болып жатқан шараларда таныстыру;

•             Алматы Үдерісінің ақпараттылығына жәрдемдесу;

•             Қолдау Қызметі арқылы Алматы Үдерісінің қызметін жүзеге асыратын қорларды жұмылдыру.

      Қолдау қызметі

Қолдау қызметі Төрағаның нұсқауымен жұмыс атқарып, төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:

•             Көші-қон және босқындарды қорғау ақпаратымен алмасу жөнінде жәрдемдесу;

•             Ретсіз көші-қонмен байланысты мәселелерді шешу және бақылау тетіктерін жетілдіру;

•             Көші-қонның негізгі себептерін біртұтас түсінушілігіне жеткізуін ынталандыру;

•             Орнын алмастырып жүргендерге байланысты кешенді және сараланған саясатты қолдау;

•             Көші-қон және босқындарды қорғау мәселелерін басқару мақсатындағы мемлекеттің әлеуетін нығайтуға бағытталған шаралардың жобаларын дамыту.

Қолдау қызметінің міндеттері Қазақстандағы БҰҰ БЖКБ мен ХКҚҰ арқылы жүзеге асырылады.   

     Қолдау қызметінің өкілеттік жүктемелері:

•             Алматы Үдерісінің институционалды жады ретінде жұмыс атқарады, сонымен қатар Алматы Үдерісінің мұрағаттарын амандықта  сақтап Алматы Үдерісінің веб-порталын орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді;

•             Төрағаның өкілеттік жүктемелеріне қатысты барлық конференциялар/кездесулер/семинарлар бойынша  ұйымдастырушылық сұрақтары бойынша қолдау;

•             Төрағаға конференциялар/кездесулер/семинарларға қатысушыларының алдын ала танысып алатын ақпараттарды жинау, аудару және жеткізуде және кездесулердің қорытындысы ретінде болатын басылымдардың тиісті ақпарат жинақтарын дайындауға жәрдемдеседі;

•             Көші-қон және босқындарды қорғау сұрақтары бойынша қарым-қатынасты арттыру мақсатында қатысушы мемлекеттердің арасында ақпарат алмасуының тиімді түрінде өтуіне жәрдемдеседі;

•             Төрағаның талаптарына байланысты ақпаратты талдап пана беру және көші-қон сұрақтары бойынша зерттеу жүргізеді;

•             БАҚ-ты бақылауда Төрағаға көмегін тигізеді, бірлескен ақпарат үнпарақтарын дайындауда және бірлескен брифингтерді жүргізіп, Алматы Үдерісіне байланысты ақпаратты жинауда жәрдемдеседі;

•             Істер жоспарына енгізілген шараларды жүзеге асыруға қорларды жұмылдыратын жобаларды дайындайтын сұрақтар бойынша Төрағаға жәрдемдеседі;

•             Тиісті ұлттық және халықаралық бағдарламалармен және де көші-қон бойынша  Аймақты сабағаттық Үдерістермен байланыстарды нығайтуда Төрағаға қолдауын көрсетеді.

 

Байланыс деректер

эл. мекенжай: f.kassimov@mzsr.gov.kz

Орталық Азиядағы БҰҰ БЖКБ Аймақты Өкілдігі

мекенжай: Толе би көшесі 67, 05000 Алматы, Қазақстан

тел: +7 727 258 4598

факс: +7 727 258 3982

эл.мекенжай: kazal@unhcr.org

вебсайт: http://www.unhcr.kz

Орталық Азиядағы ХКҚҰ Үйлестіруші Өкілдігі, Астана, Қазақстан

мекенжайс:  Сарыарка даңғылы 6, 010000 Aстана, Қазақстан

тел: +7 7 172 790345/46/47/48

факс: +7 7172 790349

эл.мекенжай: iomastana@iom.int

вебсайт :  www.iom.kz, www.iom.int, www.iom.int/almaty-process

Министрлік Конференциялар және Жоғары Лауазымдылардың Кездесулері

Босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі  Министрлік Конференциясы: Алматы Үдерісі, Алматы, Қазақстан, 5 маусым 2013

•             Конференцияның қорытындқоры есебі (ағылш, орыс)

•             Алматы Үдерісінің  Операциялық құрылымы, 5 маусым 2013 (ағылш, орыс)

•             Коммюнике, 5 маусым 2013 (ағылш, орыс)

Алматы Үдерісінің бастапқы қадамға жіберудің дайындығы, Алматы, Қазақстан, 7 қыркүйек 2012

•             Алматы Үдерісінің бастапқы қадамға жіберудің дайындығына ұсыныстар (ағылш, орыс)

•             Босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон бойынша Аймақты ынтымақтастықтың шектеулі құрылымы және Аймақты істер жоспары, 7  қыркүйек 2012(ағылш, орыс)

 Орталық Азиядағы Босқындарды Қорғау және Халықаралық Көші-қон Аймақты Конференциясы, Алматы, Қазақстан, 14 – 16 наурыз 2011

•             Конференцияның қорытынды есебі (ағылш, орыс)

•             Алматы Декларациясы, 16 наурыз 2011 (ағылш, орыс)

20 қаңтар, 2015 - 17:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші