You are here

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың ҚР азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасын бекіту туралы

 

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 168-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 маусымда № 7706 тіркелді

 

 


 

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасының 7-тармағын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
    1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасы бекітілсін.
   2. Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ә.Қ. Қуан) заңнамада белгіленген тәртіппен:
   1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
   2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті (С.Ғ. Бисақаев), «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Р.Н. Хамзин) осы бұйрықтың талаптарын зерттеуді және олардың орындалуын ұйымдастырсын.
    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.
    5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    Г. Әбдіқалықова

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің төрағасы
      _____________ Ә. Смайылов
      2012 жылғы ____ _____________

Қазақстан Республикасы    
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің     
2012 жылғы 4 мамырдағы   
№ 168-ө-м бұйрығымен    
бекітілген         

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды
өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан
кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың
Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы
төлемдерді есептеу қағидасы

      Осы Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасының 7-тармағын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
    ай сайынғы төлем мөлшері – біржола төлеу үшін капиталдандырылған ай сайынғы сомалардың мөлшері;
   капиталдандыру кезеңі – капиталдандыру жүргізілген, сот не тарату комиссиясы бекіткен құжатта (сот актісі, кредиторлар тізілімі, анықтама-есеп) көрсетілген кезең;
    капиталдандырылған төлемдер сомасы – зардап шеккен адамға ақшалай түрде төленген не борышкердің мүлкі есебінен заттай нысанда өтелген сот актісі (актілері), кредиторлар тізілімі, анықтама-есепте көрсетілген сома.

2. Ай сайынғы төлемдерді есептеу тәртібі

      2. Сот актілерінде, конкурстық басқарушының материалдарында, анықтама-есепте, соттың немесе мемлекеттік мұрағаттың мұрағат құжаттарында ай сайынғы төлем мөлшері (АСТМ) туралы мәлімет болған жағдайда, бар АСТМ қолданылады.
    3. Осы Қағидалардың 2–тармағында тізбектелген құжаттарда АСТМ туралы мәлімет болмаса, АСТМ капиталдандырылған төлемдерді алған әрбір адам бойынша капиталдандырылған төлемдер сомасы (КТС) мен капиталдандыру кезеңі (КК) туралы мәліметтер негізінде КТС-сын КК-не бөлу арқылы айқындалады:

АСТМ = КТС/КК

      4. Инфляцияның жинақталған деңгейін есептеу (ИПЦжинақ) белгілі бір жылдардағы инфляция деңгейін мынадай формула бойынша қайта көбейту арқылы жүргізіледі:

      мұндағы ИПЦ 1,2,3 – белгілі бір жылдардағы инфляция деңгейі.
   5. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер (АТ) ай сайынғы төлем мөлшерін (АСТМ) ИПЦжинақ көбейту арқылы айқындалады:

АТ = АСТМ * ИПЦжинақ

3. Қорытынды ережелер

      6. Бір азаматқа екі немесе одан да көп рет зиян келтірілген жағдайда ай сайынғы төлемдер сәйкесінше екі немесе одан да көп рет есептеледі, және алынған екі немесе одан да көп АТ соңғы АТ айқындау үшін қосылады.
  7. Осы Қағидалар мақсаттарында инфляцияның жалпы көлемін белгілі жылдағы қаңтар – желтоқсанда алдыңғы жылдағы қаңтар – желтоқсанға сипаттайтын жылдың орташа инфляция деңгейі қолданылады.
    Ағымдағы жылда келген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі мәліметтері негізінде өткен жыл үшін жылдың орташа инфляция деңгейі ИПЦжинақ есебіне енгізіледі.
   8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ұсынатын келесі 3 жылға арналған жылдық инфляцияның болжамды деңгейінің негізінде ай сайынғы төлемдерді жыл сайын арттыру жүзеге асырылады.

14 қаңтар, 2015 - 16:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші