You are here

2010 жылғы 12 тамыздағы 275-ө бұйрығының күшін жою туралы

«Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 қыркүйектегі 223-ө және «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 225-ө бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу  туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 12 тамыздағы № 275-ө бұйрығының күшін жою туралы

 

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 қыркүйектегі 223-ө және «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 225-ө бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 12 тамыздағы № 275-ө бұйрығының (нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6456 болып тіркелген, 2011 жылғы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының № 1 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2.  Қазақстан Респубикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (С.Е. Аманбаев):

1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апта мерзімінде жолдасын;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4.  Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр                                                                               Т. Дүйсенова

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 35_prikaz_kaz.doc66 KB
6 қаңтар, 2015 - 18:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші