You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан Оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін бейімдеу және ықпалдастыру тетігін жетілдіру үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан Оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін бейімдеу және ықпалдастыру тетігін жетілдіру үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1593 қаулысымен бекітілген Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспардың 27-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан  оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін бейімдеу және ықпалдастыру тетігін жетілдіру үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан  оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін бейімдеу және ықпалдастыру тетігін жетілдіру үшін ведомствоаралық жұмыс тобының ережесі бекітілсін.   

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4.   Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5.   Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Министр                                                                                       Т. Дүйсенова 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon prilozh_no_1_kaz.doc60.5 KB
Microsoft Office document icon prilozh_no_2_kaz.doc44 KB
6 қаңтар, 2015 - 18:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші