You are here

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі м.а. 2014 жылғы 28 қарашадағы № 274 және ҚР Ұлттық экономика министрі м.а. 2014 жылғы 28 қарашадағы № 120 бірлескен бұйрығы

 БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

«Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 18 тамыздағы № 328-ө-м және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 17 тамыздағы № 413 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 − 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңінің  (2014 − 2015 жылдар) 6-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 18 тамыздағы № 328-ө-м және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 17 тамыздағы № 413 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бірлескен бұйрықпен бекітілген Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда:

2.1, 2.2, 2.3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2.1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)  деңгейінде сәулет және қала құрылысы, құрылыс басқармалары мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – облыстық ведомствоаралық комиссия) құрады.

2.2. Қалалардың және облыстар аудандарының деңгейінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдері мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – қалалар мен аудандардың ведомствоаралық комиссиясы) құрады.

2.3. Облыстық ведомствоаралық комиссияның құрамына сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм, дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, экономика және бюджеттік жоспарлау органдарының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің мүшелері, мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кіреді.

Облыстық  ведомствоаралық комиссияны облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің орынбасары басқарады.»;

мынадай мазмұндағы 2.3-1-тармақпен толықтырылсын:

«2.3-1. Қалалардың және аудандардың ведомствоаралық комиссиясының құрамына сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм, дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің, мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кіреді.

Қалалар мен аудандардың ведомствоаралық комиссиясын қала және облыс ауданы әкімінің орынбасары басқарады.»;

4.11, 4.12-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«4.11. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің мамандары осы Әдістемелік ұсынымдардың 2-бөлімінде көрсетілген ақпарат бойынша  сметалық ведомостерді жасайды және қажетті қаржыландыру көлемін есептейді.

4.12. Осы Әдістемелік ұсынымдардың 2-бөлімінде көрсетілген ақпаратты және қаржыландыру көлемін бюджеттік өтінімді қалыптастыру және мүгедектерге арналған объектілердің қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында оларды реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау үшін оны жергілікті атқарушы органдарға ұсыну үшін мемлекеттік және коммуналдық жеке меншік объектілерінің басшылары пайдалануы мүмкін.

Жүргізілген паспорттау нәтижесінде реконструкция сәулет жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылданады және мүгедектердің мұқтаждықтарына зерттелетін объектілерді бейімдеу шығындарының құнын есептеу жүргізіледі.

Іс-шаралар кешенінің құны жобалау материалдарына сәйкес құрылысты (реконструкцияны) жүзеге асыруға қажетті ақшалай қаражат сомасын білдіретін сметалық құн есебінің негізінде жүзеге асырылады. Сметалық құн мүгедектердің мұқтаждықтарына объектілерді бейімдеуге бағытталған іс-шаралар кешенінің құнын айқындау үшін негіз болып табылады.».

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.

3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

міндетін атқарушы

______________ Д. Арғындықов

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика

министрінің міндетін атқарушы

       ____________ Т. Жақсылықов

 

Бөлімдер:
9 желтоқсан, 2014 - 17:15 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші