You are here

Отбасыдағы мүгедек адамның қамқоршысына төленетің жәрдемақы.

Саламатсыздар ма? Менің сіздерге қоятын сұрағым: Қызылорда қаласында тұратын қарындасымның жолдасы (күйеуі)2012 жылы төтенше жағдайға ұшырап, 2013 жылы сәуір айынан бастап 1-ші топ мүгедегі тағайындалды.Жолдасы төсек тартып жатса да (аяғы жансыз болса да) орталарындағы бір бала үшін екі қолымен қол шеберлер жасап,тіршіліктерін жасауда.Ал, қарындасым болса жоғарғы оқу орның бітірген.Жолдасының осындай жағдайға ұшырауына байланысты үйде отыруға жәжбүр болды.Үйінде жолдасының қамқоршы болуына,яғни қарайлаушы есебінде қарындасым 8000(сегіз мың)теңге көлемінде алады.Осы төленетін қаржы дұрыс тағайындалған ба?Өздерінің үй-жайлары жоқ.Қала орталығындағы жалдамалы пәтерде тұрады.Осыған мемлекетімізден қандай көмектері бар? Алдын ала рахметімді айтамын,алла жар болсын!

Жауап: 

Жауап:

 

Сәлеметсіз бе!

 

Сіздің сауалыңызды мұқият қарап, келесіні хабарлаймыз.

Жергілікті атқарушы органдарға қаражаттарына байланысты мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау немесе қосымша көмектер көрсету құқығы берілген.

Сіз қарындасыңыз туралы толық ақпаратты ұсынбағандықтан жауап беруге немесе ықпал жасауға мүмкіндік жоқ екенін баяндаймыз.

Осыған орай, Сізге көтеріп отырған сұрағыңыз  бойынша Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының   Әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің бөлім басшысы А. Шаматоваға хабарласуыңыз қажет (тел. 8-724-226-38-14).

 

 

 

 

 

 

Қ. Суханова

Сұрақтың нөмірі: 316627
19 қараша, 2014 - 19:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші