You are here

Бала күтіміне байланысты жасына дейінгі берілетін жардем

Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсиздерме,  бала жасына  дейінгі төленетін  жардемді  мен осы күнге жұмыс істей тұра  үкімет  бекіткен сомманы ғана алғам, жұмыс жасайтын азаматшалардың  айлық жалақысы есепке алынып  соның  пайызы  төленетінін естимеппин, біздің ауданда    құжат тапсырғанда  оны айтпайды  сол заңды  анығын білгім келеді, Жане де  қазір  естігенім  анасы жұмыс істемесе   әкесінің  атына туырлап сол кісінің  айлық  жалақысын да ескеріп  соның атынан дайындауға болад дейди, осының  қаншалықты рас екенин билгим келед, Рахмет алдын-ала

Жауап: 

«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңына сәйкес туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың жәрдемақы алуға құқығы бар:

1) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы;               

2) бала күтiмiне берілетін жәрдемақы, егер бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiн жүзеге асыратын адам мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болып табылмайтын жағдайда.

 Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және ай сайынғы бала күтіміне берілетін жәрдемақы – тиiстi жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң өзгеруi ескерiле отырып төленедi. 

Жоғарыдағы  Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде төленеді:

1) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы:

    бiрiншi, екiншi, үшiншi балаға – 31,40 айлық есептiк көрсеткiш;

    төртiншi және одан кейiнгi балаларға – 52,35 айлық есептiк көрсеткiш;

2) бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы:

    бiрiншi балаға - 5,76 айлық есептiк көрсеткiш;

    екiншi балаға - 6,81 айлық есептiк көрсеткiш;

    үшiншi балаға - 7,85 айлық есептiк көрсеткiш;

    төртiншi және одан кейiнгi балаларға - 8,90 айлық есептiк көрсеткiш;

Айлық есептiк көрсеткiш 2014 жылға 1852 теңге мөлшерінде белгіленген.

Егер бала күтiмiн жүзеге асыратын адам мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болып табылса, «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы»  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 Заңының 23-2-бабына сәйкес Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады.

Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

 Бұл ретте, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Әлеуметтік төлемдерді алу құқығы әлеуметтік қатер жағдайлары басталған кезде туындайды. Бұл ретте, әлеуметтік қатер – бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы әлеуметтік төлемдерді алу құқығына ие болады.   

Сонымен қатар хабарлайтынымыз 1411 тегін бірыңғай шағын нөміріне қоңырау шалып, Сіз өзіңіз мүдделі:

• Еңбек қатынастары;

• Халықты жұмыспен қамту;

• Зейнетақымен қамсыздандыру;

• әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде кеңес ала аласыз.

Сіз, Қазақстан Республикасының барлық телефон нөмірлерінен және барлық ұялы байланыс операторларынан қоңырау шала аласыз. Қоңырау  - тегін.

 

 

 

 

 

                   Ж. Қалияқасова 

     тел.55-21-00, 10477

Сұрақтың нөмірі: 315798
5 қараша, 2014 - 10:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші