You are here

Баласының бірі сотталғаны үшін Күміс алқа атағын бермеуде

Салеметсіздерме! Менің анам Саматова  Жанат Бердуашовна ОҚО Кентау қ. Уалиханова көшесі  134, 63 пәтер тұрғыны, 6 (алты) баланың анасы. Әкеміз  2006 жылы дүниеден өткен. Балаларының ең кішісі 17де. Кентау қалалық әкімшілігіне Күміс алқа атағына керекті құжаттардын барлығын өткізгенімізге 6 ай уақыт өтті. Әкімшілік балаларының бірі (29 жасар ұлы жеңіл жазамен қамауда) сотталғанын ескеріп Күміс алқа атағын бере алмайтындарын айтты. Бұл шешім Астана қаласынан келді деп алға қоюда.  Осы жағдайға байланысты Кентау қалалық  әкімшілігінің шешімі заңды ма? Заңды емес болған жағдайда қайда шағымдануға болатынын білгім келеді? Алдын ала рахмет! Құрметпен, Абдиева Лаура.

Жауап: 

Жауабы:

Көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттау облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің құзыретіне жатады.

2010 жылдан бастап «Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналар, «Күміс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп  өсірген аналар, жетінші және алтыншы балалары бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған кезде наградталады (негіздеме: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 211-ІІ Заңы).

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттау туралы» № 2676 Заңының 41-бабында, заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың мемлекеттiк наградаларға құқығын соттың шешiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi қайта қалпына келтiредi.

Осыған орай, аталған белгілерімен марапаттау жөнінде, Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімдікке хабарласуыңыз қажет.

 

 

 

орын. Ергеш Е.

 

Сұрақтың нөмірі: 315037
30 қазан, 2014 - 16:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші