You are here

Әлеуметтік төлем

Сәлеметсіз бе? Біз, 01.06.2014жылы туған баланы асырап алу туралы сотқа арыз бердік. Арызымыз қанағанттандырылып, 23.07.2014жылы сот шешімі шықты. 07.08.2014жылы сот шешімі күшіне енді. Баланың куәлігінде туған күні, айы, жылы сол куйінде сақталды (01.06.2014ж). Өзім 2-3 мекемеде қосымша жұмыс атқарамынМенің білейін дегенім:

  1. 1. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын қай күннен бастап беруі тиіс?
  2. 2. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем маған тиесілі ме?
  3. 3. Жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік бюджеттен берілетін жәрдемақы алуға құқығым бар ма?
  4. 4. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер төлене ме?
  5. Менің сұрағыма жауап беруіңізді сұраймын. Алдын ала рахмет!!! 
Жауап: 

1. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1241 Қаулысымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларының 53-тармағына сәйкес ұл немесе қыз баланы асырап алған адамдарға асырап алған күнінен бастап және бала туған күнінен бастап күнтізбелік елу алты күн өткенге дейін тікелей перзентханадан еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (бұдан әрі - науқастық парағы) беріледі.

2. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда  төленетiн әлеуметтiк төлем (бұдан әрі - ӘТба) алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің қатысушысына тағайындалады.

ӘТба алуға байланысты құқық  науқастық парағында көрсетiлген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс берiлген күннен бастап туындайды.

ӘТба мөлшерi әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі - ӘА) есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

ӘА есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын он екіге бөлу арқылы айқындалады.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті науқастық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады.

Егер, Сіз жұмыс істеп және Сіздің жұмыс берушіңіз Сіз үшін Қорға ӘА уақытылы аударған болса, онда ӘТба тағайындау үшiн тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне (бұдан әрі - ЗТМО) Заңда көрсетілген құжаттармен қоса өтiнiш білдіре аласыз.

ӘТба көлемі Қорға нақты төленген ай сайынғы ӘА сомасына байланысты болады.

ӘТба сомасынан зейнетақы жарналары ұсталынып, жинақтаушы зейнетақы қорына жолданатынын ескерген жөн.

3. Егер Сіз асырап алған баланың табиғи анасы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына сәйкес бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік бюджеттен берілетін жәрдемақы тағайындауға өтініш бермеген болса, онда Сіз бұл жәрдемақыны алуға құқылысыз және оның мөлшері:

- бірінші, екінші, үшінші балаға – 31,41 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);

- төртінші және одан кейінгі балаларға – 52,35 АЕК құрайды.

01.01.2014ж. бастап АЕК - 1852 теңгені құрайды.

Бұл жәрдемақыны тағайындау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе ЗТМО бөлімшесіне өтініш  бере аласыз.

4. Қордан бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем (бұдан әрі - ӘТбк) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн ӘА жүргiзiлген және Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар қатысушысына тағайындалады.

ӘТбк алуға құқық баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды.

ӘТбк мөлшері әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі - ӘА) есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.

ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын 24-ке бөлу арқылы айқындалады.

Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

Бұл ретте, ӘТбк ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

ӘТбк сомасынан зейнетақы жарналары ұсталынып, жинақтаушы зейнетақы қорына жолданатынын ескерген жөн.

ӘТбк көлемі Қорға нақты төленген ай сайынғы ӘА сомасына байланысты болады.

 

 

 

 

орын: «МӘСҚ» АҚ  А.Жумажанова

тел: 96 55 45

 

Сұрақтың нөмірі: 314725
7 қазан, 2014 - 18:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші