check

You are here

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгенді растайтын құжат

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 9-бабына сәйкес

       бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы ретінде  жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген санатқа жатқызылғанбыз.

Осыны растау үшін арнайы куәлік немесе басқа құжат берілеме?

Менде  әскери комиссариаттан алынған анықтама, қайтыс болуы туралы куәлік және туыстық қатынасты растайтын неке туралы, балалардың туу туралы куәліктері бар.

Бірақ теңестірілген тұлға екенімді дәлелдеу үшін кез келген жерде осы құжаттармен бірге бүкіл заңды шығарып барған жеріме дәлелдеп қиындық туып тұр. Сондықтан бірден көрсете қоятын арнайы куәлік сияқты құжат бола ма болса қайда хабарласуға болады.

Жауап: 

Жауап:

Сәлеметсіз бе!

 

Сіздің сауалыңызды мұқият қарап, келесіні хабарлаймын.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңымен (бұдан әрі - Заң)  белгіленеді.

Осы Заңның 10-бабына сәйкес соғысқа қатысушының, соларға теңестірілген адамдардың мәртебесін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі анықтайды. Жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соларға теңестірілген адамдардың зейнеткерлік құжаттарына белгі соғылады.

Сондықтан, қазіргі кезде қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес Ұлы Отан соғысының  қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға куәліктер беру көзделмеген. 

 

 

 

 

 

 

 

 

К. Суханова

Сұрақтың нөмірі: 314288
9 қазан, 2014 - 15:19 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші