You are here

Декреттік демалысқа байланысты

Сәлеметсіз бе! Мен Хабиденова Гүлімжан ЖСН 860303400795 мектепте мұғалім болып жұмыс жасаймын. Қыркүйек айының бірінші жұлдызынан бастап декреттік демалыстамын.12 айлық есептеу бойынша орташа табыс сомасы жалпы 695266 теңгені көрсетіп отыр.Ал соц.отчисление  есептелгені 31291теңге, төленгені 32688 теңгені құрап отыр екен.Бұл  жұмыс орнымнан берілген анықтаманың көрсеткіштері.Сіздерден білгім келгені, маған жүктілігіме және босануыма байланысты әлеуметтік төлем осы көрсеткіштермен есептесек қанша теңге  келеді екен? Жауаптарыңызды асыға күтемін.Рахмет.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Гүлімжан!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлемнің (бұдан әрі - ӘТжб) мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде Қорға нақты төленген ай сайынғы әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - ӘА)(осы кезеңде ӘА үзілістердің болу-болмауына қарамастан) негізінде есептеледі.

ӘТжб құқық - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс берiлген күннен бастап туындайды.

Сіздің жағдайыңызда 2013 жылдың қыркүйек айы мен 2014 жылдың тамыз айларын қоса алғандағы аралықтағы 12 айға төленген ӘА есепке алынатынын ескертеміз.

ӘТжб мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс (бұдан әрі - ОАТ) мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын 12-ге бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ОАТ ӘТжб = ∑(АТ1 + АТ2 +АТ3...... + АТ12) / 12

мұндағы:

АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.

ӘТжб мөлшері ӘА есептеу объектісі ретінде есепке алынған ОАТ мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген ОАТ мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы 126 күнге берілген жағдайда, К = 126/30= 4,2).

Сондай ақ Заңның 26 - бабына сәйкес ӘТжб сомасынан 10% мөлшерінде зейнетақы жарналары ұсталынып қалады және бірыңғай зейнетақы қорына аударылады.

ӘТжб мөлшеріне қатысты мәлімет құпия ақпарат болып табылады. Сондықтан нақты және толық ақпарат алу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаментіне немесе Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының өзіңіз тұратын жердегі бөлімшесіне жүгінуіңіз қажет.

 Л. Хасенова 96 55 45

Сұрақтың нөмірі: 314132
25 қыркүйек, 2014 - 12:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші