You are here

бала 1 жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы жұмыс істейтін әйелдерге қалай есептеледі

Саламатсыздарма менің қойайын деген сұрағым менің әйелім 12 ай болды жұмыс істеп жатқанына 24 ай толмады әйелім босанды енді бала 1 жасқа толғанға дейінтөленетін жәрдемақы қалай есептеледі жоқ жұмыс істемейтіндермен бірдей жәрдемақы төленеді ма? Осы сұрақтың жауабын берсеңіздер.

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-2 бабына сәйкес бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер (бұдан әрі - ӘТбк) мөлшері Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына (бұдан әрі - Қор) Сіздің жолдасыңыздың жұмыс берушісінің ай сайын аударып отырған әлеуметтiк аударымдары (бұдан әрі - ӘА) негізінде айқындалады.

ӘТбк мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін (бұдан әрі - ОАТ) табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ӘТ бк = ОАТ х ТАК

мұндағы:

ОАТ - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициенті.

Қордан төленетiн ӘТбк құқық - баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап туындайды.

ӘТбк  мөлшерін есептеу кезінде ОАТ мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын 24 бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ОАТ = ∑(АТ1 + АТ2 + АТ3...... + АТ24) / 24,

мұндағы: АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.

Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

Яғни Сіздің жолдасыңыздың атына ӘТбк құқық туындаған айдың алдындағы соңғы аударылған ӘА саны 12 айға аударылған болса, ОАТ сомасы анықтау барысында  24 –ке бөлінеді.

ӘТбк сомасынан ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып  қалады және жинақтаушы зейнетақы қорына жолданады.

Бұл ретте, ӘТбк ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

 

 

орынд: «МӘСҚ» АҚ бас маманы А.Жумажанова 

тел: 96-55-45

Сұрақтың нөмірі: 313612
11 қыркүйек, 2014 - 16:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші