You are here

Жеке кәсіпкердің декреттік демалысы

Саламатсыздар ма? Мен 2013 жылдың қазан айынан бастап жеке кәсіпкерлікпен (ағылшын тілінен репетитор) Қоңыр Мандоки атындағы "Қазақ тілі" қоғамында жұмыс жасадым. 2014 жылдың шілде айында каникул мезгіліне байланысты ЖК (ИП) тоқтаттым. Ал тамыз айында декреттік демалысқа шығуым қажет. Аудандық ГЦВП-ға барғанымда маған ЖК тоқтауына байланысты декреттік төленбейді деді. Не себепті? Мен 1 жыл бойы жұмыс жасадым, табыс келіп тұрды емес пе? Осының анық-қанығын білсем деп едім... Рахмет.

Жауап: 

«Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының № 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 405 заңына сәйкес жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлем қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.

Жүктiлiкке және босануға байланысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары) және жұмыс орнынан әлеуметтiк қатердiң басталуы алдындағы соңғы күнтiзбелiк он екi ай ішіндегі табыстары туралы белгiленген үлгiдегi анықтама (анықтамалар) негізгі құжаттар болып табылады.

Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген бүкіл кезеңге тағайындалады.

Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын он екіге бөлу арқылы айқындалады.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады.

Еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген жүктілікке жене босануға байланысты демалысқа шығу күні - әлеуметтік қатер куні болып табылады.

Әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілмеген жағдайда жүктiлiкке және босануға байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау мүмкін емес.

Сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөнiндегi уәкілетті орган Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаменті болатынын хабарлаймыз.

Жоғарыдағы Заңның 9 бабына сәйкес Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөнiндегi уәкілетті орган әлеуметтiк төлемдердi тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдауға, сонымен қатар әлеуметтiк төлемдердi тағайындау және алу мәселелерi жөнiнде қажеттi түсiнiктемелер беруге мiндеттi.

Сіздің толық аты-жөніңіз және жеке сәйкестендіру нөміріңіз көрсетілмеген, сондықтан әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту себебін анықтау үшін Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментіне хабарласыңыз.

               орын.Д. Нұғыманова          

                тел.55-21-00 10477

Сұрақтың нөмірі: 313207
11 қыркүйек, 2014 - 15:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші