You are here

Әлеуметтік салық міндетті аударылу керек па?

 Саламатсыздарма. Менің бір сұрағым бар еді  менің келіншегім балабақшада тәрбиешіболып жұмыс жасайды өкіметке өтеміз деп 2-3 айлықтарын кешіктіріп ақыры бермеді. Енді зейнетақы жарнасын әлеуметтік салықты аударганын сұрасақ айтпайды бухгалтері, әлеуметтік салық аударылмаған жағдайда не істеуге болады.

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, Министрдің сайтына келіп түскен өтінішіңізді қарап, төмендегіні хабарлайды.

Өтініште Сіз көрсетіп отырған жалақы мәселесіне қатысты заң бұзушылықтарды анықтау үшін Сіз жұмыс істейтін мекемеде (бұдан әрі - Мекеме) тексеру жүргізуді қажет етеді.

Осыған орай, Сізге жергілікті әкімдіктің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына аталған мекеменің тіркелген жері бойынша жазбаша түрде шағымдануыңыз қажет.

Сіздің арызыңыз негізінде мемлекеттік еңбек инспекторлары аталған мекемеде тексеру жұмыстарын жүргізіп, тексеру қорытындылары бойынша тиісті шаралар қолданады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің        9 - бабына сәйкес, азаматтардың құқықтарын қорғау сот органдарымен жүргізіледі.

Осыған байланысты, өздеріңіздің еңбек құқықтарыңызды қорғау мақсатында Сізге сот органдарына шағымдануыңызға болады.

Міндетті зейнетақы жарналарына қатысты, Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңының 24 – бабына сейкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28 – бабының 1 – тармағына сәйкес есебіне жазылған өсімпұлды төлеудің толық және уақытылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.

Осыған орай, әлеуметтік салық аударымдарын және міндетті зейнетақы жарналарын алу үшін салық органдарына шағымдануыңыз қажет.     

Орындаған: Қайыпбаева А.

Тел.: 74-34-92

Сұрақтың нөмірі: 312639
21 тамыз, 2014 - 15:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші