You are here

Босанған азаматшаларға берілетін әлеуметтік көмек

 Құрметі әлеуметтік сала қызметкерлері!

Менің білгім келгені,

1) Босанған әйелдерге бір берілетін әлеуметтік көмектің заңға сәйкес берілу ережелері қандай және оған қол жеткізу жолдары (құжаттар т.б.)?

2) Жөргек пұлдың ең жоғарғы көлемі қанша және оған қол жеткізу қандай көрсеткіштерге байланысты (зейнетақы қоры, әлеуметтік төлем т.б.), сонымен қатар ол қалай есептеледі?

3) Жүкті әйелдерге жүкті болғаннан бастап босанғанға дейін берілетін әлеуметтік көмек қандай?

4) Босанғаннан кейін бала 1 жасқа толғанша көрсетілетін көмек және оны алу жолдары?

Өтініш: Ресми емес қарапайым халық тілімен жауап берулеріңізді күтемін және мына b.akimbayev @ mail.ru эл.поштаға жіберсеңіздер екен!

Өте үлкен рахмет! Еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Жауап: 

1) Босанған әйелдерге бір берілетін әлеуметтік көмектің заңға сәйкес берілу ережелері қандай және оған қол жеткізу жолдары (құжаттар т.б.)?

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жұмыс істейтін әйел азаматтарына Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына (бұдан әрі - Қор) жұмыс берушілердің ай сайын аударып отырған әлеуметтiк аударымдар (бұдан әрі - ӘА) негізінде жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлем (бұдан әрі - ӘТжб) тағайындалады.

ӘТжб төлемдерін тағайындау үшін тұрғылықты жеріңіздегі Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының бөлімшесіне барып қажетті құжаттармен қоса өтініш білдіре аласыз. Өтiнiшке:

1) жеке басты куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкiмiнiң анықтамасы);

3)  еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);

4) жұмыс орнынан әлеуметтiк қатердiң басталуы алдындағы соңғы күнтiзбелiк он екi ай ішіндегі табыстары туралы белгiленген үлгiдегi анықтама (анықтамалар);

5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

6) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша:

дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

салық органдары берген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салыстыру актісі қоса беріледі.

ӘТжб төлемін тағайындау құқығы жүктiлiгі және босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағында жұмыс берушінің көрсеткен  күнінен бастап туындайды.

ӘТжб мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін (бұдан әрі - ОАТ) еңбекке жарамсыздық күндері (бұдан әрі - ЕЖК) санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

ӘА есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген ОАТ мөлшері ӘТжб құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын 12 бөлу арқылы айқындалады.

ЕЖК санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік 30 күнге бөлу арқылы айқындалады.

 

2. Жөргек пұлдың ең жоғарғы көлемі қанша және оған қол жеткізу қандай көрсеткіштерге байланысты (зейнетақы қоры, әлеуметтік төлем т.б.), сонымен қатар ол қалай есептеледі?

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 Қаулысына сәйкес егер ӘТжб алушының ай сайынғы табысы әлеуметтік қатер басталған күнге дейін күнтізбелік он екі ай ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен асатын болса, Қордан ӘТжб мен жүктілікке және босануға байланысты демалысқа төленетін ақы арасындағы айырманы жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

ӘТжб көлемі Сіздің жұмыс берушіңіздің ай сайын Сіздің атыңызға аударып отырған ӘА көлеміне тікелей байланысты болады.

 

3) Жүкті әйелдерге жүкті болғаннан бастап босанғанға дейін берілетін әлеуметтік көмек қандай?

Жүкті әйел жүкті болғанға дейін жұмыс істесе жүктіліктің 30 – ыншы аптасында берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде ӘТжб Қордан тағайындалады.

Ал, егер әйел жұмыс істемесе, яғни оның атына ӘА-дар болмаса, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына сәйкес бала туғанда мемлекеттік бюджеттен берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар. Бұл жәрдемақы әрбір әйелге тағайындалады және оның мөлшері:

-       бірінші, екінші, үшінші балаға – 31,41 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);

-       төртінші және одан кейінгі балаларға – 52,35 АЕК құрайды.

01.01.2014ж. бастап АЕК - 1852 теңге.

 

4. Босанғаннан кейін бала 1 жасқа толғанша көрсетілетін көмек және оны алу жолдары?

Заңға сәйкес жұмыс істейтін әйел азаматтарына Қордан жұмыс берушілердің ай сайын аударып отырған ӘА негізінде бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем (бұдан әрі - ӘТбк) тағайындалады.

ӘТбк мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ӘТ бк = ОАТ х ТАК мұндағы:

ӘТ бк - бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;

ОАТ - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициенті.

ӘТбк тағайындау үшiн өтiнiшке:

1) жеке басты куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкiмiнiң анықтамасы);

3) баланың (балалардың) туу туралы куәлiгінің көшiрмесi, сондай-ақ оны салыстыру үшiн түпнұсқасы;

4) отбасының құрамы туралы мәліметтер;

5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер.

ӘТбк баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап ол бiр жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге дейiн тағайындалады.

Бұл ретте, ӘТбк төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінің 40 %-нан аспауға, ал ӘТбк ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

 

Орын. БӘҚК сапаршысы Суханова К.

Сұрақтың нөмірі: 309987
10 шілде, 2014 - 17:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші