You are here

Зейнетақыны көбейтуге байланысты өтініш

 

Саламатсыздар ма құрметті ҚР ЕХӘҚМ қызметкерлері! Мен Ибрагимов Жақып, 1948 жылы 3-мамырда туылдым. Соғыс кезеңінен кейін азғана жалақыға аянбай еңбек еттім.  Еңбек өтілін 1964 жылы наурызда тракторшы қызметін атқарудан бастадым.  «Ерен еңбегі үшін» 8-ші және 9-шы бесжылдық (Ударник 9 пятилетки) медалімен және 1972 жылы еңбек қызыл ту орденімен мараппаталдым.  1973 жылы қазан айында жұмыстан Москвич-412 автокөлігін сыйлыққа алдым. Зейнеткерлікке шығар алдында 3 жыл оқушыларды тасыдым, бірақ жалақысы төмен болды. Ауыл шаруашылығы саласында механика маманы қызметін және бригада басшысы болып 40 жылдан астам қызмет атқардым. Осы соңғы атқарған 3 жылда зейнетақы жинақтау қорына ақша  аудармай қойыпты. Қазіргі таңда алып отырған зейнетақы мөлшерім 32 000 теңге. Енді біз сияқты еңбек қызыл ту ордені бар адамдар аз қалды. Зейнетақымды көбейтуге байланысты қандай ұсыныстар жасап, көмектер бере аласыздар? 

 

Жауап: 

Сәлеметсіз бе  Ибрагимов Жакып!

Сіздің зейнетақы іс-қағаздарыңыздағы құжаттар мұқият зерттеліп, зейнетақы төлемдердің есебі Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамалары талаптарына  сәйкестігі тексерілді.

Зейнетақы төлемдерді тағайындаудың негізгі өлшемдері ретінде еңбек стажы мен азаматтардың зейнетақы төлемдерді тағайындауда ұсынатын орташа айлық табыс мөлшері болып табылады.  

Зейнетақы мөлшерінің  арттырылуы  мамандығына немесе атқарған қызметіне тәуелді емес. Зейнетақы  төлемдерінің тағайындалуы  және арттырылыу барлық зейнеткерлерге бірдей тәртіпте жүргізіледі.

         Сіздің зейнеткерлік ісіңіздегі құжаттарға сәйкес жасыңызға байланысты зейнетақы төлемі  2011 жылдың  мамырында  38  жыл  еңбек стажыңызға сәйкес тағайындалған.

Бірақ орташа айлық табысыңыз төмен болғандықтан Сізге зейнетақы  кепілдендіріген ең  төменгі  мөлшерде тағайындалған.

 Ағымдағы  жылда  Сіздің зейнетақы төлеміңіздің  жалпы сомасы 32 188 теңгені (зейнеткерлік төлемі – 21 738  теңге, базалық зейнетақы – 10 450 тенге) құрайды және оның  көлемін есептеу қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жүргізілген.

Осыған орай, қазіргі кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жоғарлату жөнінде келешекке ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша  жұмыс атқарып жатыр. Олар қазіргі зейнеткерлердің де, сол сияқты болашақ зейнеткерлердің де мүдделеріне жауап береді.

Қазіргі зейнеткерлер үшін зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақты, сол сияқты жинақтаушы жүйелеріне қатысу өтілін ескере отырып,  базалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілетін болады. Бұл  еңбек өтілі үлкен болса да, зейнеткерлікке шығу сәтіне табыстары туралы мәліметтердің болмауына, сондай-ақ заңнамалық тұрғыдан белгіленген шектеулерге байланысты төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Орынд. С. Шәмшікен, ЗТМО бөлім басшысы

Сұрақтың нөмірі: 309072
18 маусым, 2014 - 11:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші