You are here

Күзетшілердің жұмыс уақыты туралы

Саламатсыздар ма !

Сіздерден төмендегі сұрақтарға жауап беріп, нұсқамалық көмек көрсетуіңізді сұранамын.

Алдын ала алғысымды білдіремін!

 Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартының  3-қосымшасына сәйкес мекемеде  4 бірлік күзетші  қаралған. Күзетшілер ауысымдық жұмысқа 2 күн сайын түсіп отырады.  Мекеме  ғимараты мен ондағы мүліктерге жауапты болғандықтан    ауысым арасында ешқандай қараусыз қалған бос уақыт болмайды, табелде 1-ші күні 8 сағат: таңғы 9-дан кешкі сағат 18-ге дейін, келесі күні 15 сағат: кешкі сағат 18-ден таңғы 9-ға дейін деп белгіленеді , яғни 1 ауысымда 23 сағат жұмыс істейді. 4 күзетші 2 күн сайын ауысымға түсіп отырғандықтан олардың ай сайынғы, жылдық жұмыс істеген сағаттары  бекітілген жұмыс уақытының балансынан және мерзімнен тыс жұмысы үшін белгіленген 120 сағаттан  асып отырады.  Егер олардың сағатын азайтатын болсақ мекеме сол азайтылған уақыт аралығында қараусыз қалады емес пе, жоғалған мүлік үшін ешкім жауап бермейді ғой  және күзетшілер ауысымы ауысқан жағдайда күнделікті қабылдап-өткізу жұмыстары қалай жүргізіледі. Осыған байланысты мекемеге қосымша 1 бірлік күзетші қарастыруға болады ма немесе басқа қандай жолдары бар?

 Өзім әлеуметтік салада  жұмыс істегендіктен Сіздің нақты жауабыңыз өте қажет. Алдын ала Рахмет!

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің  (бұдан әрі - Кодекс) 1-б. 6)-т. сәйкес ауысымдық жұмыс - тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс.

Кодекстің 84-бабына сәйкес ауысымдық жұмыс 84-бабына сәйкес, өндірістік процестің ұзақтығы не жұмыс берушінің өндірістік қызметінің режимі күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан асып кеткен жағдайларда ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін.
Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне өту қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып жұмыс беруші бекіткен ауысым кестелерімен белгіленеді.

Жұмыс беруші ауысым кестелерін қызметкерлер назарына осы кестелер қолданысқа енгізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей жеткізеді.
Қызметкерді қатарынан екі жұмыс ауысымында жұмысқа тартуға тыйым салынады.

Кодекстің 86-бабына сәйкес,  жұмыс уақытының жиынтық есебі үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде, цехтарда, учаскелерде және өндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақтала алмайтын жұмыстардың кейбір түрлерінде қолданылады.

Шегінде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген күнделікті және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасы орташа алғанда сақталуға тиіс кезең жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі есептік кезең деп танылады.
 

Кез келген, бірақ бір жылдан аспайтын күнтізбелік кезең немесе белгілі бір жұмысты орындау кезеңі жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі есептік кезең болуы мүмкін.

Жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде жұмыстың аяқталуы мен келесі жұмыс күнінің (жұмыс ауысымының) басталуы арасындағы қызметкердің демалыс ұзақтығының сақталуы міндетті болып табылады.
Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жұмыс істеу тәртібі, жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленетін қызметкерлердің санаттары, қызметкерлер өкілдерінің пікірі ескеріле отырып, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта не жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

Кодекстің 95-бабына Қызметкердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы) арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауға тиіс.

Демек, жоғарыда аталған заң нормаларына сәйкес бір тәулк ішінде кемінде 2  ауысым  орнатылуы  керек және олардың әрқайсысмының ұзақтығы 12 сағаттан аспауға тиіс. 

Осы орайда,  ұзақтығы 24  сағаттық ауысымның  орнатылуы  Кодекстің жоғарыда аталған нормаларына қайшы келіп, жұмысшылардың еңбек құқығын  бұзады.

Демек, Сіздерге  бір ауысымды 12 сағаттан аспайтындай етіп белгілеу керек.

 

Орынд. Ш. Молдабекова, БӘҚК бас сарапшы

 

Сұрақтың нөмірі: 308869
20 маусым, 2014 - 17:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші