You are here

Әлеуметтік келісімшарт нысандарын бекіту туралы

      Әлеуметтік келісімшарт

      нысандарын бекіту туралы

 

 

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдарды оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 24, 44-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдардың кәсіпкерлігін дамытуына мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 44-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу мен оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 53-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік қолдау көрсету туралы:

      1) біліктілігін арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына жіберу жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Халықты жұмыспен қамту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;

      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 121 қаулысы қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

                     Министр                                                   Т. Дүйсенова

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 1.doc54 KB
Microsoft Office document icon 2.doc48.5 KB
Microsoft Office document icon 3.doc60 KB
Microsoft Office document icon 4.doc50.5 KB
7 маусым, 2014 - 12:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші