You are here

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 245-ө бұйрығы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдарының медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері пайдаланатын құжаттардың нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 06 сәуірдегі № 112-ө бұйрығының;

2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдарының медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері пайдаланатын құжаттардың нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 06 сәуірдегі № 112-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 185-ө-м бұйрығының;

3) «Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің есепке алу және есептілік құжаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 02 шілдедегі № 146-ө бұйрығының 1-тармағы 5) тармақшасының күші жойылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті осы бұйрықты өзінің аумақтық органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр                                                                          Т. Дүйсенова

Бөлімдер:
30 мамыр, 2014 - 21:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші