You are here

Тағайындалған зейнетақы есептеу коэффициентін тексеру

                                                               Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

                                                               министрі  Т. Дуйсеноваға

                                                               ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы,

                                                               Фурманов көшесі, 15 үй тұрғыны

                                                           зейнеткер, 03.09.1936 жылы туған                                                                                                             

                                                               жеке куәлік 007769124, ҚР ІІМ, 02.06.1998

                                                               жсн:360903401235; тел 872230 3-36-84

                                                               Ауталипова Орынбасардан

 

 

 

                                           Өтініш

            ШҚО, Үржар ауданында акушер-гинеколог болып қызмет  атқарып жүргенімде ең жоғарғы еңбекақы алып жүргенмін. Зейнеткерлікке шыққанымда 500 сом ең жоғарғы зейнетақы алғанмын. Зейнеткерлікке құжат рәсімдеуде ауылшаруашылық қызметкері ретінде заңдастырған . Алайда 31 жыл жоғары санаттағы дәрігер акушер-гинеколог болып қызмет атқарғанымды ескеруіңізді сұраймын. 2014 жылдың мамыр айынан бастап тыл ардагері статусы қосылған.  Президент жолдауларына сәйкес, зейнеткерлік төлемдердің өсуіне байланысты қосылған пайыздық көрсеткіштердің есептеу коэффициенті менің зейнетақыма тағайындалу барысында  көңілім толмағандықтантан қайта қарап шығуыңызды өтінемін.  Жергілікті Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында жазбашы өтінім білдіргендегі нәтижеге қанағаттанбағандықтан Сізден  үлкен үмітпен тағайындалған есептеу коэффициентін тексеруіңізді  күтемін.

 

                                                     Ауталипова

14.05.2014ж

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Ауталипова Орынбасар!

Зейнетақы төлемдерін тағайындаудың және арттырудың негізгі өлшемдері болып азаматтар зейнетақыны тағайындау кезінде ұсынатын еңбек стажы мен орташа айлық табыстың мөлшері болып табылады.

Зейнетақы іс-құжаттарыңыз бойынша зейнетақы төлемінің тағайындалуы мен төленуінің дұрыстығына тексеру жүргізілді.

Бұған дейінгі қолданыста болған зейнетақы туралы заңның талаптарына сәйкес Сізге  жасыңызға байланысты зейнетақы 1991 жылдың қыркүйек айында  56 жыл 7 ай еңбек стажыңызбен (оның ішінде экологиялық стажы) және 1989 жылдың  қазанынан 1991 жылдың қыркүйегін қоса алғандағы мерзімнің яғни  537,7 сом орташа айлық мөлшеріне сәйкес тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес зейнеткерлік іс-қағазыңыздағы құжаттар негізінде зейнетақы төлеміңіз жыл сайын арттырылып отырған.

Бүгінгі таңда алып отырған зейнетақы төлемдеріңіздің жалпы мөлшері 54 919 теңгені (зейнетақы төлемі – 40 524  теңге, базалық зейнетақы төлемі – 10 450 теңге, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 3945 теңге) құрайды және олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес дұрыс есептеліп, арттырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

 

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 307602
29 мамыр, 2014 - 09:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші