You are here

Зейнетақы мәселесі

Сәлеметсіз бе? Мен Саликов Зейнилгабиден Куттыбадамович. Акмола обл Бұланды ауданы Макинск қаласында тұрамын. 1940 жылы 8 июль күні туылдым.  1953 жылы колхозда өгіз айдадым. 1954 жылы тың игеруге қатысып тіркеуші болып істедім. Еңбек стажым 1955 жылдан басталды. 48 жыл стажым бар, 15 жыл колхоз совхозда механизатор болып, 33 жыл Макин Поршень Сақина заводында наладчик болып еңбек еттім. Осы уақыттарда "Лауреат Государственной Премии", "Орден Знак Почета". 1985 жылдан "Ветеран Труда", занесен в "Золотую Книгу Почета Казахстана", "Юбилейную Медаль РК", занесен в "Международную Энциклопедию Лучшие Люди Казахстана" деп тіркелдім. Осындай еңбектеріммен алатыным ең төмеңгі зейнетақым 32 мың тг. Қыңжыламын, реніш білдіремін. Олай тұрсам да, бұлай тұрсам да жеткізе алмаймын.

Заводты жүргіземіз деді. Біресе "АО, ТОО", филиал Павлодарского Тракторного Завода деп өзгертіп өзгертіп банкрот деп хабарлады. Алдандым. Бір жақсылық Сізден күтемін. Сондықтан үміттеніп отырмын. Неден далада қалдым. Зейнетақым неге төмен? Қаншама жылғы еңбегімнің далаға кеткеніме?

Жауап: 

Зейнетақы тағайындау кезінде ұсынатын еңбек стажы мен 1995 жылғы 1-ші қаңтардан бастап қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табысын негізге ала отырып жүзеге асырылады (негізі: ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы).

Егер азаматтардың қажетті еңбек стажы болып, бірақ зейнетақы есептеуге арналған орташа айлық табыс төмен деңгейде болса, зейнетақы төлемі кепілдендірілген ең төменгі мөлшерде тағайындалады.

Зейнетақы ісіңіздегі құжаттар мұқият зерттеліп, төлем есептері  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкестігі  тексерілді.

 Жасыңызға байланысты зейнетақы 2003 жылдың шілде айында толық еңбек стажыңызбен және 3 109 теңге орташа еңбекақыңыз есепке алынып тағайындалған.

Бұл ретте еңбек стажыңызбен және айлық табысыңыздан есептелген зейнетақы төлеміңіздің мөлшері республикалық бюджет заңында белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болған. Сондықтан, заң нормаларына сәйкес, Сізге кепілдендірілген ең төменгі зейнетақы тағайындалған.

Қазіргі кезде, Сіздің алып отырған зейнетақы төлемдеріңіз қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес есептелген.

          Зейнетақы мөлшерлерін қайта қарау үшін зейнетақы алушы тек зейнетақыны тағайындауда ұсынған құжаттарды толықтыратын табысы туралы құжаттарды тапсырған жағдайда ғана мүмкін (негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 819 Қаулысы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орынд:  «ЗТМО»РМҚК маманы Кокушева Ж.

 

Сұрақтың нөмірі: 306624
4 мамыр, 2014 - 12:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші