You are here

жартылай жетім балаға берілетін зейнетақы туралы

Менің сіңлімнің қызы 13 жасында 2011 жылы 6 ақпан күні анасынан жетім қалды. Әкесі 2002 жылы ажырасып басқа отбасында тұрады, онда 3 баласы бар. Қызымен бірге тұрмайды.Маған "опекунство" беруге де келісімін бермей, тек қол хат (доверенность) берді.Ол баласының анасынан айырылғандығы жөнінде зейнетақысын тағайындаудан да бас тартты, анасы бар кезінде алимент төлемеген, сол 2002 жылдан бері тек жылына бір - екі рет сыртқы киім алып берген. Енді мен бұл балаға "опекунство" тағайындап, үкіметтен тиісілі зейнетақысын алып бергім келеді.Барған "жерде" маған "әкесі бар, сол кісі тағайындап құжат жинау керек" - деп жауап береді. Мен Заңды біле тұра, әкесімен байланыс жасай алмай отырмын.Ол Алматы қаласында тұрады, қызы менімен бірге Атырау облысында тұрады.Қандай іс - әрекет жасауға болады? Көмек сұраймын. 

Жауап: 

Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын білім беру органдары қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жерi бойынша не қамқорлыққа жататын мүліктің орналасқан жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлейдi. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық қорғаншының немесе қамқоршының тұрғылықты жерi бойынша белгiленуi мүмкiн. Осыған орай, қорғаншылық алуыңызға тұрғылықты жері бойныша білім бері басқармасына хабарлауңыз қажет.

Сонымен қатар, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiнің асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар (негіздеме: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы  Заңы).

Алимент алу жөнінде сот органдарына  жолығуыңызға болады. 

 

 

 

БӘҚК сарапшысы  Сина Ж.

Сұрақтың нөмірі: 306524
13 мамыр, 2014 - 16:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші