check

You are here

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына және «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
  1. «Жұмыспен қамту 2020жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 567-құжат):

Аталған қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасында:

62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«62. Кәсіптік бағдарлау 2014 жылы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сынақтан өтеді.»;

70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«70. Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау           6 айдан асырмай жүзеге асырылады. Субсидиялау мөлшері, экологиялық үстемелер бойынша төлемдерді есепке алмағанда, айына 18 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.»;

74-тармақтың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына жолдау бойынша мемлекеттік қолдау ұсыну туралы, жұмысқа орналастыруға және кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау ұсыну туралы, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетусіз жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы әлеуметтік келісімшарттар жасалады.»;

  1. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы          18 шілдедегі № 815 қаулысында:

Аталған қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:

44-тармақ мынадай редакциядағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына жолдау бойынша мемлекеттік қолдау ұсыну туралы, жұмысқа орналастыруға және кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау ұсыну туралы, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетусіз жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы әлеуметтік келісімшарттар жасалады.»;

48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысының мөлшері экологиялық үстемеақы төлемдерін ескермегенде айына (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны және банк қызметтерін ескере отырып) 18 АЕК құрайды.».

  1. Осы қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                          К. Мәсімов

Бөлімдер:
23 сәуір, 2014 - 11:28 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші